Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

109
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
ViewNX-i орнату
ViewNX-i - кескіндер мен бейнефильмдерді көру жəне өңдеу үшін
компьютерге көшіру мүмкіндігін беретін Nikon бағдарламалық жасақтамасы.
ViewNX-i орнату үшін төмендегі веб-сайттан ViewNX-i орнатқышының соңғы
нұсқасын жүктеңіз жəне орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
http://downloadcenter.nikonimglib.com
Жүйе талаптары мен басқа ақпаратты көру үшін аймағыңызға арналған Nikon
веб-сайтын қараңыз.
Кескіндерді компьютерге көшіру
Операциялық жүйенің нұсқасын немесе бағдарламалық жасақтаманы
жаңартқанда компьютер экранында көрсетілетін элементтер өзгеруі мүмкін.
1 Кескіндерді қамтитын жад картасын дайындаңыз.
Жад картасындағы кескіндерді компьютерге көшіру үшін төмендегі əдістердің
кез келгенін пайдалануға болады.
SD жад картасының ұяшығы/жад картасын оқу құралы: жад картасын
компьютеріңіздің жад картасы ұяшығына немесе компьютерге жалғанған
жад картасын оқу құралына (сатып алуға болады) салыңыз.
Тікелей USB байланысы: фотокамераны өшіріңіз жəне жад картасының
фотокамераға салынғанын тексеріңіз. Фотокамераны компьютерге USB
кабелі арқылы жалға
ңы
з.
Фотокамера автоматты түрде қосылады.
B Фотокамераны компьютерге жалғау бойынша ескертпелер
Компьютерден USB арқылы қуат алатын барлық басқа құрылғыларды
ажыратыңыз. Фотокамера жəне басқа USB құрылғысын бір компьютерге бір
мезгілде қосу фотокамераның зақымдалуына немесе компьютер қуатының
шамадан тыс тұтынылуына əкелуі мүмкін, бұл фотокамера немесе жад
картасын зақымдауы ықтимал.
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)