Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

111
Фотокамераны теледидарға, принтерге немесе компьютерге
жалғау
Кескіндерді компьютерге көшіру (ViewNX-i)
2 Nikon Transfer 2 іске қосылғаннан кейін Start Transfer
(Тасымалдауды бастау) пəрменін басыңыз.
Кескінді көшіру басталады. Кескінді көшіру аяқталған кезде, ViewNX-i
бағдарламалық жасақтамасы іске қосылады жəне көшірілген кескіндер
көрсетіледі.
3 Байланысты аяқтаңыз.
Жад картасын оқу құралын немесе карта ұяшығын қолданып жатқан
болсаңыз, жад картасына сəйкес алынбалы дискісін шығарып алу үшін
компьютер операциялық жүйесінде сəйкес параметрді таңдаңыз жəне жад
картасын оқу құралынан немесе жад картасы ұяшығынан жад картасын
шығарып алыңыз.
Егер фотокамера компьютерге жалғанған болса, фотокамераны өшіріңіз
жəне USB кабелін ажыратыңыз.
C Capture NX-D
Capture NX-D — фотосуреттерді дəл баптау немесе NEF (RAW) пішіміндегі
суреттердің параметрлерін өзгерту жəне оларды басқа пішімде сақтау мүмкіндігін
беретін Nikon бағдарламалық жасақтамасы.
Төмендегі URL мекенжайындағы веб-сайттан бағдарламалық жасақтаманы
жүктеңіз.
http://downloadcenter.nikonimglib.com
Start Transfer
(Тасымалдауды
бастау)