Анықтамалық нұсқаулық (толық нұсқаулар)

66
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Автофокусты пайдалану
Фокустау құлпы
Фокустау аумағы кадрдың ортасына орнатылғанда да, шығармашыл кадр
жиектемесін түсіру үшін фокустау құлпын пайдаланыңыз.
1 Нысанды кадрдың ортасына
орналастырыңыз жəне
ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз.
Фотокамера нысанды фокустайды
жəне фокустау аумағы жасыл түспен
көрсетіледі.
Экспозиция да құлыпталады.
2 Саусағыңызды алмай, суретті қайта
жиектеңіз.
Фотокамера мен нысан арасында бірдей
қашықтықтың сақталғанына көз жеткізіңіз.
3 Кескінді түсіру үшін ысырманы
босату түймешігін соңына дейін
басыңыз.
C Фокустау аумағын қажет күйге жылжыту
j, k, l немесе m суретке түсіру режимінде суретке түсіру мəзіріндегі AF area
mode (АФ аумағының режимі) (A140) режимін қолмен реттелетін опциялардың
біреуіне орнату арқылы мульти селектордың көмегімен фокустау аумағын
жылжытуға болады.
C Фокусты құлыптау үшін o (AE-L/AF-L) түймешігін пайдалану
Экспозиция мен фокусты таңдалған AE/AF lock button (АЭ/АФ құлпы түймешігі)
параметрін (A175) пайдаланып, ысырманы босату түймешігі жартылай басылып
тұрғанда o (AE-L/AF-L) түймешігін басу арқылы құлыптауға болады.
1 4 00
1400
2 5 m 0s
25m 0s
1 / 25 0
1/250
F 5 .6
F5.6
1 / 25 01/250 F 5 .6F5.6