САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы Кіріспе Фотокамера бөліктері Жұмысты бастау Негізгі суретке түсіру жəне қарау операциялары Басқа функциялар Техникалық ескертпелер ii 1 2 8 15 19 Kk • Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (vi-бет) оқып шығыңыз. • «Өнімді күту» ішінде «Объективті күнге бағыттамаңыз» (23-бет) оқыңыз.
Кіріспе Алдымен осыны оқыңыз Nikon COOLPIX P1000 сандық фотокамерасын сатып алғаныңыз үшін рақмет. «Анықтамалық нұсқаулық» жүктеу Анықтамалық нұсқаулықта (PDF пішімінде) осы өнімді пайдалану жолы туралы мəліметтер көптеген тілде берілген. Төмендегі URL сілтемесін пайдаланып жүктеу орталығынан анықтамалық нұсқаулықты жүктеп, анықтама алып отыру үшін смарт құрылғыда немесе компьютерде сақтаңыз.
Қаптаманың ішін түгендеу Кез келген бір құралы жоқ болса, фотокамераны сатқан дүкенге хабарласыңыз.
Ақпарат жəне сақтық шаралары Өмір бойы білім алу ұстанымы Nikon компаниясының «Өмір бойы білім алу ұстанымы» міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету жəне ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі веб-сайттарда қолжетімді: • АҚШ-тағы пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/ • Еуропадағы пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/ • Азия, Океания, Таяу Шығыс жəне Африка пайдаланушылар үшін: http://www.nikon-asia.
Нұсқаулықтар туралы • Осы өнімде қамтылған нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының алдын ала жазылған рұқсатынсыз ешқандай пішінде жəне ешқандай жолмен көшірмелеуге, таратуға, қайтадан жазуға, ақпараттық іздеу жүйесінде сақтауға немесе ешбір тілге аударуға болмайды. • Бұл нұсқаулықта көрсетілген суреттер мен экран мазмұны нақты өнімнен өзгеше болуы мүмкін.
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз. ҚАУІП бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. ЕСКЕРТУ бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
• Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз. Бала осы өнімнің кез келген бөлігін жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. • Мойын бауларын шатыстырмаңыз, мойынға орамаңыз немесе бұрамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін.
• Объективтің жылжитын бөліктеріне немесе басқа жылжитын бөліктерге тимеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа əкелуі мүмкін. • Жарқылды теріге немесе заттарға тигізіп тұрып немесе жақындатып жақпаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау күйіктерге немесе өртке əкелуі мүмкін. • Фотокамераның керек-жарақтарға арналған құрылғысына бекітілген жарқыл бөлігін пайдаланып жатқанда кірістірілген жарқылды көтермеңіз. Осы сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнімнің зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Батареялар үшін ЕСКЕРТУ • Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз. • Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр əсерін тигізбеңіз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін. Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз. • Батареяларда өңсіздену немесе пішін өзгеруі сияқты кез келген өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
x Кіріспе
Фотокамера бөліктері Фотокамераның корпусы 1 23 7 6 4 5 8 9 10 11 12 13 141516 17 25 24 23 22 21 20 19 18 1 Басқару дискі 13 Электрондық көріністапқыш 2 Қуат ажыратқышы/іске қосылу шамы (зарядтау шамы) 14 Көз сенсоры 3 Режимді таңдау дискі 4 Кірістірілген жарқыл 16 o (AE-L/AF-L) түймешігі. 5 Масштабты таңдау 17 Фокус режимінің ауыстырғышы 6 Ысырманы босату түймешігі 18 s (дисплей) түймешігі 7 w (функция) түймешігі 19 k (таңдау жасау) түймешігі 8 Басқару сақинасы.
Жұмысты бастау Фотокамера бауын бекіту жолы Мойын бауын фотокамераның сол жəне оң жақтарына жалғаңыз. Объектив қабын жəне бленданы бекіту жолы • Кескіндер түсірілмеген кезде объективті қорғау үшін бленданы бекітіңіз. • Бленда кескінге теріс əсер ететін жарықты ұстап қалады, сондай-ақ фотокамераны қорғайды. Жарқылмен суретке түсіргенде немесе суретке түсіру үшін АФ қосымша шамы қажет кезде бленданы пайдаланбаңыз.
Батарея мен жад картасын енгізу Батарея ілмегі Жад картасының ұяшығы • Батареяның оң зарядты жəне теріс зарядты түйіспелері дұрыс бағытталған күйде қызғылт батарея ілмегін жылжытыңыз (3) жəне батареяны салыңыз (4). • Жад картасын орнына сырт етіп түскенше итеріңіз (5). • Батареяны немесе жад картасын төңкеріп не кері бағытта салмаңыз, бұл ақаулыққа алып келуі мүмкін.
Батареяны зарядтау Зарядтау айнымалы ток адаптері* Электр розеткасы USB кабелі (қамтылған) Іске қосылу шамы (зарядталу шамы) * Сатып алу еліне немесе аймағына байланысты ашалы адаптер жалғанады. Ашалы адаптердің пішімі сатып алынған ел не аймаққа байланысты əртүрлі болады. • Суретте көрсетілгендей, зарядтау батарея енгізіліп, фотокамера розеткаға қосылған кезде басталады. Батарея зарядталып жатқанда іске қосылу шамы (зарядтау шамы) ақырын жыпылықтайды. • Зарядтау аяқталған кезде іске қосылу шамы өшеді.
B USB кабелі бойынша ескертпелер • UC-E21 түрінен басқа USB кабелін пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB кабельді пайдалану өнімнің қызып кетуіне, өртке немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін. • Тығынның пішімі мен бағытын тексеріңіз жəне тығынды қырымен салмаңыз не суырмаңыз. B Батареяны зарядтау бойынша ескертпелер • Батареяны зарядтау кезінде камераны пайдалануға болады, бірақ зарядтау уақыты артады. Фотокамераны пайдалану кезінде іске қосылу шамы (зарядтау шамы) өшеді.
Фотокамераны баптау 1 Фотокамераны қосыңыз. • Параметрлерді таңдау жəне реттеу үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. Мульти селектор Қуат ажыратқышы Жоғары Солға k түймешігі (таңдауды қолдану) • Тілді таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі. Тілді белгілеу үшін мульти селекторда H немесе I түймешігін басыңыз жəне таңдау үшін k түймешігін басыңыз. • Тілді баптау мəзіріндегі Language (Тіл) параметрін пайдаланып кез келген уақытта өзгертуге болады (A17).
5 Ағымдағы күн мен уақытты енгізіп, k түймешігін басыңыз. • Элементтерді белгілеу үшін J немесе K түймешігін басыңыз жəне өзгерту үшін H немесе I түймешігін басыңыз. • Минут өрісін таңдап, параметрді растау үшін k түймешігін басыңыз. 6 Date and time D M Y h m 01 01 2018 00 00 Edit Нұсқау берілгенде Yes (Иə) жауабын белгілеу үшін H немесе I түймешігін басып, k түймешігін басыңыз. • Баптау аяқталғанда фотокамера түсіру режимінің дисплейіне шығады.
Негізгі суретке түсіру жəне қарау операциялары Кескіндерді түсіру A (автоматты) режимі мұнда мысал ретінде пайдаланылған. A (автоматты) режимі əртүрлі түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру мүмкіндігін береді. 1 Режим таңдау дискін A белгішесіне қарай айналдырыңыз. Қалған кадрлар саны • Батарея қуатының индикаторы b: батарея қуаты жоғары. B: батарея қуаты төмен. • Экранда көрсетілетін ақпаратты ауыстыру үшін s (көрсету) түймешігін басыңыз. 1/250 F5.
3 Сурет жақтауын реттеңіз. • Масштабтау объективінің күйін өзгерту үшін масштабты таңдау тетігін немесе бүйірлік масштабтауды басқару тетігін жылжытыңыз. • Телефото күйінде объектив арқылы суретке түсіру кезінде нысан көрінбей қалса, нысанды жақтауға оңай енгізу мақсатында көрінетін аумақты уақытша кеңейту үшін p (масштабты қалпына келтіру) түймешігін басыңыз.
4 Ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. • Ысырманы босату түймешігін «жартылай» басу деп түймені басқанда жеңіл қарсылық байқалатын жерге дейін түймені басып тұруды айтамыз. • Нысан фокуста болғанда фокустау аумағы немесе фокустау индикаторы жасыл түсте көрсетіледі. • Сандық масштабтауды пайдаланған кезде, фотокамера кадрдың ортасына фокусталады жəне фокустау аумағы көрсетілмейді. • Фокустау аумағы немесе фокустау индикаторы жанса, фотокамера фокустай алмайды.
Кірістірілген жарқылды пайдалану Қараңғы жерлерде не нысанның артынан жарық түсуі сияқты жарқыл қажет болған жағдайларда кірістірілген жарқылды көтеру үшін K (жарқылды шығару) басқару тетігін жылжытыңыз. • Кірістірілген жарқылды пайдаланбағанда төмен түсіру үшін «шырт» етіп орнына түскенше абайлап басыңыз.
Монитор жəне көріністапқыш арасында ауысу Күн сəулесінің түсуі сияқты мониторға жарық түсіп кедергі болған жағдайларда көріністапқышты пайдалану ұсынылады. • Бетіңізді көріністапқышқа жақындатқанда көз сенсорларының көмегімен көріністапқыш іске қосылады жəне монитор өшеді (əдепкі параметр). • Дисплейді монитор мен көріністапқыш аралығында ауыстыру үшін x (монитор) түймешігін басуыңызға болады.
Кескіндерді ойнату 1 Қарау режиміне өту үшін c (қарау) түймешігін басыңыз. • Фотокамера өшірулі күйде болғанда c түймешігін басып тұрсаңыз, фотокамера қарау режимінде іске қосылады. 2 Көрсетілетін кескінді таңдау үшін мульти селекторды пайдаланыңыз. • Кескіндерді жылдам айналдыру үшін HIJK түймешігін басып тұрыңыз. • Сонымен қатар кескіндер мульти селекторды бұру арқылы таңдала алады. • Экранда көрсетілетін ақпаратты ауыстыру үшін s (көрсету) түймешігін басыңыз.
Кескіндерді жою 1 Экранда көрсетіліп тұрған кескінді жою үшін l (жою) түймешігін басыңыз. 2 Қажетті өшіру əдісін таңдау үшін HI мульти селекторын пайдаланыңыз жəне k түймешігін басыңыз. Erase selected images • Өшірмей шығу үшін, d түймешігін басыңыз. All images 3 Delete Current image Yes (Иə) пəрменін таңдаңыз жəне k түймешігін басыңыз. • Өшірілген кескіндерді қалпына келтіру мүмкін емес.
Басқа функциялар Түсіру режимін таңдау Фотокамера корпусында индикатор белгісі бар қажетті түсіру режимін туралау үшін режимді таңдау дискін айналдыруға болады. • A (Автоматты) режимі Əртүрлі суретке түсіру жағдайларында жалпы суретке түсіру үшін осы режимді таңдаңыз. • y, g жəне L (көрініс) режимдері Суретке түсіру жағдайларының негізінде көрініс режиміндерінің кез келгенін таңдағанда сол жағдайлар үшін тиісті параметрлермен суреттер түсіре аласыз. - y: d түймешігін басып, көрініс режимін таңдаңыз.
Суретке түсіру функцияларын мульти селектор арқылы орнату Суретке түсіру экраны көрсетілген кезде, төменде сипатталған функцияларды орнату үшін H (m) J (n) I (p) K (o) мульти селекторын басуға болады. • m Жарқыл режимі Жарқыл режимін суретке түсіру жағдайларына сəйкес орнатуға болады. • n Self-timer (Өздігінен түсіруді реттейтін таймер)/Smile timer (Күлкіні түсіруді реттейтін таймер) Фотокамераны ысырманы босату түймешігін басқаннан кейін көрсетілген уақыт өткенде ысырманы босатады.
Мəзір операциялары d (мəзір) түймешігін басу арқылы төменде тізімделген мəзірлерді орнатуға болады. • • • • • • A Shooting menu (Суретке түсіру мəзірі)1, 2 G Movie manual mode (Бейнефильм қол режимі) мəзірі3 e Бейнефильм мəзірі1 c Playback menu (Қарау мəзірі)4 q Network menu (Желі мəзірі) z Орнату мəзірі 1 2 Суретке түсіру экраны пайда болған кезде d түймешігін басыңыз. Мəзір белгішелері мен қолжетімді параметр опциялары суретке түсіру режиміне байланысты əртүрлі болады.
4 Мəзір параметрін таңдаңыз жəне k түймешігін басыңыз. Time zone and date Slot empty release lock Monitor settings • Кейбір мəзір параметрлерін EVF auto toggle ағымдағы суретке түсіру Date stamp режиміне немесе Self-timer: after release фотокамераның күйіне байланысты орнату мүмкін емес. • Элементтерді сонымен қатар мульти селекторды бұру арқылы таңдауға болады. 5 Параметрді таңдаңыз жəне k түймешігін басыңыз. Date stamp • Таңдалған параметр Date қолданылады.
Техникалық ескертпелер Ескертпелер Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚТЫҚ ЕСКЕРТУ: БАТАРЕЯНЫ БАСҚА ТҮРІМЕН АУЫСТЫРСАҢЫЗ, ЖАРЫЛУ ҚАУПІ БОЛАДЫ. Бұл таңба электр жəне электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Төмендегі тек Еуропа елдеріндегі пайдаланушыларға қолданылады: • Бұл өнім тиісті жинау нүктесінде бөлек жинау үшін арналған. Тұрмыстық қоқыс ретінде жоймаңыз.
Кеден Одағының мəлімдемесі(декларация) үшін ақпарат/сертификат Жасап шығарушы: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Өндіруші: "Никон Корпорейшн", Шинагава Интерсити, Башня "C", 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония, Телефон: +81-3-6433-3600 Импортер: ЖШС "Никон", Мекен жайы: Ресей, Мəскеу қаласы, Сыромятнический -2 көшесі,1 үй. Телефондар: +7 (495) 663-77-64 COOLPIX P1000 Шығарушы ел: Таиланд Сертификат/Сəйкестік мəлімдеме: ЕАЭС N RU Д-JP.АЯ46.В.99488 Жарамдылық мерзімі: 12.02.
Сымсыз байланыс функциялары бойынша ескертпелер Сымсыз құрылғылар бойынша шектеулер Осы өнімге қосылған сымсыз трансивер сату орын алатын мемлекеттегі сымсыз құрылғылар бойынша ережелерге сай келеді жəне оны басқа мемлекеттерде сатуға болмайды (ЕО не ЕЕСҚ ішінде сатып алынған өнімдерді ЕО не ЕЕСҚ ішінде барлық жерде пайдалануға болады). Nikon басқа елдердегі қолданыс үшін жауапты болмайды.
Бұл өнімді шетелге экспорттау немесе тасымалдау кезіндегі сақтық шаралары Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы мəтін жазылып жатқанда эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан жəне Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін).
Өнімді күту Құрылғыны пайдалану немесе сақтау кезінде «Қауіпсіздік шаралары» (Avi-ix) бөлімінде берілген ескертулерге қосымша төменде көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз. Фотокамера Фотокамераға қатты күш қолданбаңыз Қатты ұрылса немесе шайқалса, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Сонымен қоса, объективті түртпеңіз не оған күш қолданбаңыз. Құрғақ жерде сақтаңыз Құрылғы суға батырылса немесе жоғары ылғалдылық əсеріне ұшыраса зақымдалады.
Қуат көзінен алу немесе жад картасын ажыратпас бұрын өнімді өшіріңіз Өнім қосылып тұрғанда немесе кескіндер сақталып не жойылып жатқанда батареяны шығармаңыз. Бұл жағдайларда қуатты күштеп үзу деректердің жоғалуына немесе жад картасына не ішкі тізбекке зақым келтіруі мүмкін. Монитор туралы ескертпелер • Мониторлар (электронды көріністапқыштарды қоса) аса жоғары дəлдікпен құрастырылған; кем дегенде 99,99% тиімді пиксель нəтижесін береді, көрінбейтін немесе ақауы бар пиксельдер 0,01%-дан аспайды.
Қосымша батареяларды алып жүру Мүмкін болған кезде, маңызды оқиғаларда кескіндерге түсірген кезде толық зарядталған қосымша батареяларды алып жүріңіз. Батареяны салқын күндері пайдалану Салқын күндері батарея сыйымдылығының төмендейтінін ескеріңіз. Егер төмен температурада қуаты таусылған батарея пайдаланылса, фотокамера қосылмауы мүмкін. Қосымша батареяларды жылы жерде ұстаңыз жəне қажетінше ауыстырыңыз. Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігін қайтаруы мүмкін.
Зарядтау айнымалы ток адаптері • EH-73P зарядтау айнымалы ток адаптері тек үйлесімді құрылғылармен пайдалануға арналған. Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге пайдаланбаңыз. • UC-E21 басқа USB кабельді пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB кабельді пайдалану өнімнің қызып кетуіне, өртке немесе электр тогының соғуына алып келуі мүмкін.
Тазалау жəне сақтау Тазалау Спирт, еріткіш не басқа ұшпа химиялық заттарды пайдаланбаңыз. Əйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстамаңыз. Тозаң немесе ұлпаны ауа үргішпен (əдетте екінші жағынан ауа ағымын шығару үшін басылатын ұшына жалғанатын резеңке сауыты бар кішігірім құрылғы болып табылады) кетіріңіз.
Ақауларды жою Егер фотокамера күткендей жұмыс істемесе, сатушыдан немесе Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету өкілінен кеңес алмас бұрын жалпы мəселелер тізімін тексеріңіз. Сондай-ақ, осы фотокамераны пайдалану бойынша қосымша мəліметтер алу үшін Анықтамалық нұсқаулықты (PDF пішімінде) қараңыз (Aii). Мəселе Себебі/шешімі A Фотокамера қосылған, бірақ жауап бермейді. • Жазылудың аяқталуын күтіңіз. • Егер ақаулық қайталанса, фотокамераны өшіріңіз.
Пайдаланылатын жад карталары Фотокамера SD, SDHC жəне SDXC жад карталарын қолдайды. • Фотокамера UHS-I қолдайды. • Бейнефильмдерді жазу үшін 6 не жылдамырақ SD Speed Class рейтингіне ие жад карталары ұсынылады (2160/30p не 2160/25p кескін өлшемімен/ кадр жылдамдығымен 4K UHD бейнефильмдерін жазу кезінде UHS Speed Class 3 не жылдамырақ жад карталары ұсынылады). Жылдамдығы төмен Speed Class жад карталарын пайдалану кезінде бейнефильмді жазу кенет тоқтауы мүмкін.
• Wi-Fi жəне Wi-Fi логотипі — Wi-Fi Alliance ұйымының сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері. • Осы нұсқаулықта немесе Nikon өнімімен бірге берілген басқа құжатта аталған барлық басқа сауда атаулары оларға байланысты иелердің сауда белгілері немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Техникалық ескертпелер 31
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/ басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мəліметтерді мына беттен қараңыз: http://www.europe-nikon.
• тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері. • өнім бастапқыдан жасалған жəне/немесе өндірілген елдерден басқа қандай да бір басқа елдердегі заңдардың жергілікті немесе техникалық ережелеріне сəйкес Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз өнімге жасалған өзгертулердің немесе реттеулердің нəтижесінде келтірілген қандай да бір зақым. 3.
Осы нұсқаулықты тұтастай немесе белгілі бір бөлігін (сыни мақалаларда немесе пікірлерде қысқаша үзінділер келтіру ескерілмейді) NIKON КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір жолмен көбейтуге болмайды.