Анықтамалық нұсқаулық
viii
Кіріспе
Қауіпсіздік үшін
Сəйкес кабельдерді қолданыңыз
Кабельдерді кіріс жəне шығыс ұяларына
жалғаған кезде, өнім стандарттарына
сəйкестікті орнату мақсатына арналған тек
қана Nikon компаниясы берген немесе
сатқан кабельдерді қолданыңыз.
Қозғалатын бөліктерді абайлап
ұстаңыз
Объектив қақпағының немесе басқа
қозғалатын бөліктердің саусақтарыңызды
немесе басқа мүшелеріңізді қысып қалмауы
үшін абай болыңыз.
CD-ROM
Осы құрылғымен бірге берілген CD-ROM
дискі дыбыстық ықшам дискі жабдығында
ойнатылмайды. CD-ROM дискілерін
дыбыстық ықшам дискі ойнатқыштарында
ойнату естілмеуге əкелуі немесе жабдыққа
зақым келтіруі мүмкін.
Жарқылды пайдаланғанда сақ
болыңыз
Жарқылды көзіңізге жақын қолдану уақытша
көру қабілетіңізді нашарлатуы мүмкін.
Сəбилерді суретке түсірген кезде өте
мұқият болу қажет, мұнда жарқыл мен
нысан арасындағы ара қашықтық
1 мазболмауы қажет.
Жарқыл терезесі адамға немесе
нысанға тиіп тұрған кезде
жарқылмен жұмыс істемеңіз
Осы сақтық шараларын қолданбау күйіп
қалуға немесе өртке əкелуі мүмкін.
Сұйық кристалға тимеңіз
Монитор сынып қалған кезде, сынған
əйнекпен зақымдалуды болдырмау үшін
жəне монитордың сұйық кристалының теріге
тиюін немесе көзге не ауызға кіріп кетуін
болдырмау үшін абай болу қажет.
Ұшақта немесе ауруханада
қолданған кезде қуатты өшіріңіз
Ұшу не қону кезінде ұшақта болғанда қуатты
өшіріңіз. Сондай-ақ, ұшаққа отырмай тұрып
GPS бақылау ақпаратын жазу функциясын
ӨШІРУЛІ күйіне орнатыңыз. Ауруханада
болған кезде аурухананың нұсқауларын
орындаңыз. Фотокамера арқылы берілетін
электро-магнитті толқындар ұшақтың
электронды жүйелеріне немесе
аурухананың құралдарына кедергі келтіруі
мүмкін. Eye-Fi картасы фотокамераға
салынған болса, оны алдын ала алып
тастаңыз, ол за
қымның с
ебебі болуы мүмкін.
3D кескіндері
Теледидарда, мониторда немесе басқа
экранда ұзақ уақыт бойына құрылғымен
түсірілген 3D кескіндерін үздіксіз қарамаңыз.
Көру жүйелері əлі де дамып келе жатқан
балаларға қатысты осы нұсқауларды
қолданбас жəне орындамас бұрын балалар
дəрігерімен немесе көз дəрігерімен
кеңесіңіз. 3D кескіндерін ұзақ уақыт бойына
қарау көздің шаршауына, жүректің айнуына
немесе ыңғайсыздыққа əкелуі ықтимал. Осы
симптомдардың кез келгені ту
ындаған
жағ
дайда қолдануды тоқтатып, қажет болса,
дəрігерге жүгініңіз.