Анықтамалық нұсқаулық
14
Суретке түсіру жəне ойнату негіздері
2-дайындық. Батареяны зарядтау
1
Берілген EH-69P зарядтау айнымалы ток адаптерін дайындаңыз.
Фотокамерамен бірге ашалы адаптер* берілсе, ашалы адаптерді зарядтау
айнымалы ток адаптеріндегі ашаға жалғаңыз. Ашалы адаптер орнында берік
орныққанша оны мықтылап итеріңіз. Екеуі жалғанғаннан кейін ашалы адаптерді
күштеп шығарып алғанда, құрылғыға зақым келуі мүмкін.
*Aшалы адаптердің пішіні фотокамера сатып aлынған елге немесе аймаққa
байланысты əр түрлі болады.
Зарядтау айнымалы ток адаптері Аргентинада жəне Кореяда ашалы
адаптермен бірге беріледі.
2
Батареяның фотокамераға салынғанына жəне фотокамераның зарядтау
айнымалы ток адаптеріне
1
-
3
аралығында жалғанғанына көз жеткізіңіз.
•
Фотокамераны өшірулі күйде сақтаңыз.
•
Кабельді жалғаған кезде, аша дұрыс бағытта болуы керек. Кабельді фотокамераға күштеп
жалғамаңыз. Кабельді ажыратқанда, штепсельдің ұшын бұрышқа қисайтып тартпаңыз.
•
Зарядтау басталған кезде, зарядтау шамы жасыл түсте баяу жыпылықтайды.
•
Заряды таусылған батареяны толығымен зарядтауға шамамен 4 сағат жəне 30 минут
уақыт кетеді.
•
Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтау шамы өшіріледі.
•
Қосымша ақпаратты "Зарядтау шамын түсіну" (
A
15) бөлімінен қараңыз.
3
Электр розеткасынан зарядтау айнымалы ток адаптерін, одан кейін USB кабелін
ажыратыңыз.
Зарядтау шамы
Электр розеткасы
UC-E6 USB кабелі (қамтылған)