Анықтамалық нұсқаулық

vi
Кіріспе
Қауіпсіздік үшін
Nikon өніміне немесе өзіңізге не басқаларға зақым келтіруді болдырмау үшін жабдықты
қолданбас бұрын келесі сақтық шараларын толығымен оқып шығыңыз. Өнімді қолданатын
барлық адамдардың осы қауіпсіздік нұсқауларын оқуы үшін оларды сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУЛЕР
Дұрыс жұмыс істемеген жағдайда
өшіріңіз
Фотокамерадан немесе зарядтау айнымалы
ток адаптерінен түтін немесе қалыпсыз иіс
шығатынын байқасаңыз, күйіп қалмау үшін
абайлап, зарядтау айнымалы ток адаптерін
ажыратып, жедел түрде батареяны алып
тастаңыз. Қолдануды жалғастыру зақым
келтіруі мүмкін. Қуат көзінен ажыратқаннан
немесе алып тастағаннан кейін, тексеруден
өткізу үшін жабдықты Nikon өкілетті қызмет
көрсету бөлімшесіне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
Фотокамераның ішкі бөліктерін немесе
зарядтау айнымалы ток адаптерін ұстау
нəтижесінде зақым келуі мүмкін. Жөндеу
жұмыстарын тек қана білікті мамандар
жүргізуі қажет. Түсіріп алудың немесе басқа
жағдайлардың нəтижесінде фотокамера
немесе зарядтау айнымалы ток адаптері
сынып қалса, өнімді ажыратқаннан жəне
батареяны алып тастағаннан кейін өнімді
тексеру үшін Nikon өкілетті қызмет көрсету
бөлімшесіне апарыңыз.
Өртке қауіпті газдың жанында
фотокамераны немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерін
қолданбаңыз
Пропан жəне бензин сияқты жанатын
газдың, сондай-ақ, жанатын спрейдің
немесе ұнтақтың жанында фотокамераны
қолдану нəтижесінде жарылыс немесе өрт
болуы ықтимал.
Фотокамера бауын абайлап ұстаңыз
Бауды ешқашан сəбидің немесе баланың
мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз
Өнімдерді балалардың қолы жететін жерде
сақтамаңыз. Олай жасау зақым туғызуы
мүмкін. Сəбилердің батареяны немесе басқа
кішкентай бөліктерді ауыздарына салуын
болдырмау үшін өте мұқият болу қажет.
Құрылғылар қолданыста немесе
қосулы болғанда ұзақ уақыт
бойына фотокамераны, зарядтау
айнымалы ток адаптерін немесе
айнымалы ток адаптерін
ұстамаңыз.
Құрылғылардың бөліктері ыстық болады.
Ұзақ уақыт бойына құрылғыларды теріге
жақын ұстау нəтижесінде төменгі
температурада күйіп қалу туындауы мүмкін.
Бұл белгіше ықтимал зақымның алдын алу мақсатында Nikon өнімін қолданбас бұрын оқылуы
қажет ескертулерді, мəліметтерді таңбалайды.