Анықтамалық нұсқаулық
99
GPS деректерін жазуды бастау
GPS мүмкіндігін пайдалану
B
GPS мүмкіндігі бойынша ескертпелер
•
GPS функцияларын пайдаланбас бұрын, "<Маңызды> GPS мүмкіндігі бойынша ескертпелер" (
A
x) оқып
шығыңыз.
•
Орын бірінші рет анықталғанда, орынды ұзақ уақыт бойы анықтау мүмкін болмаған жағдайларда немесе
батареяны ауыстырғаннан кейін, ақпаратты алу үшін бірнеше минут кетеді.
•
GPS жерсеріктерінің орындары үздіксіз ауысып отырады.
Орныңызға жəне уақытқа байланысты орынды анықтау мүмкін болмауы немесе ол үшін біраз уақыт кетуі
мүмкін.
GPS мүмкіндігін пайдалану үшін, фотокамераны аспанда кедергілер өте аз ашық жерде қолданыңыз.
GPS антеннасы (
A
2) аспанға қарап тұрса, алынатын сигналдар біртекті болады.
•
Сигналдарды бөгейтін не шағылыстыратын келесі орындар орынның анықталмауына немесе мəліметтердің
дəл болмауына алып келуі мүмкін.
- Ғимараттар не жер астындағы орындарда
- Көп қабатты ғимараттардың арасында
- Жер асты өтпелерінде
- Туннельдердің ішінде
- Жоғары кернеулі электр желілерінің жанында
- Талдар шоғырланған аймақтардың арасында
•
Фотокамераның жанында жиілігі 1,5 ГГц ұялы телефонын пайдалану себебінен орынды анықтау сеансы үзілуі
мүмкін.
•
Орынды анықтау кезінде фотокамераны тасымалдағанда, оны темірден жасалған қаптың ішіне салмаңыз.
Фотокамера темір материалдармен жабылған болса, орынды анықтау мүмкін болмайды.
•
GPS жерсеріктерінен келген сигналдар мүлде өзгеше болса, ең көбі бірнеше жүз километрге ауытқу орын алуы
мүмкін.
•
Орынды анықтау кезінде қоршаған орта жағдайларын біліп алыңыз.
•
Кескіндерді ойнату кезінде көрсетілетін суретке түсіру күні мен уақыты суретке түсіру барысындағы
фотокамераның ішкі сағатымен анықталады.
Орынды анықтау арқылы алынып, кескінге жазылған уақыт фотокамерада көрсетілмейді.
•
Бірінші кадр үшін орын туралы ақпарат үздіксіз суретке түсіру көмегімен бірнеше суретке жазылады.
B
GPS деректерін жазу кезіндегі батареяның таусылуы
•
Record GPS data
(GPS деректерін жазу) параметрі
On
(Қосулы) күйіне орнатылған кезде, GPS функциялары
тіпті фотокамера өшірілген кезде шамамен 6 сағат көрсетілген аралықта жұмысын жалғастырады. Сонымен
қатар, GPS функциялары тіпті фотокамера өшірілгеннен кейін журнал деректерін (
A
102) жазу кезінде
жұмысын жалғастырады.
•
Record GPS data
(GPS деректерін жазу) параметрі
On
(Қосулы) күйіне орнатылған кезде, батарея қуаты
əдеттегідей таусылады. Батарея деңгейін əсіресе фотокамера журнал деректерін жазған кезде тексеріңіз.