Анықтамалық нұсқаулық
E
77
Орнату мəзірі
Анықтама бөлімі
C
Зарядтау шамы
Келесі кестеде фотокамера компьютерге жалғаулы болғанда зарядтау шамының күйі түсіндірілген.
Опция Сипаттама
Баяу жыпылықтайды
(жасыл)
Батарея зарядталуда.
Өшірулі
Батарея зарядталып жатқан жоқ.
Зарядтау шамы шам қосулы кезінде баяу жыпылықтау күйінен (жасыл)
өшірулі күйіне ауысса, бұл зарядталу аяқталғандығын білдіреді.
Тез жыпылықтайды
(жасыл)
•
Қоршаған орта температурасы зарядтауға қолайлы емес. Батареяны
5°C жəне 35°C аралығындағы температурадағы ішкі қоршаған ортада
зарядтаңыз.
•
USB кабелі дұрыс жалғанбаған немесе батареяның ақаулығы бар.
USB кабелі дұрыс жалғанғанын тексеріп, қажет болса, батареяны
ауыстырыңыз.
•
Компьютер ұйқы режимінде жəне қуатпен қамтамасыз етіліп жатқан
жоқ. Компьютерді оятыңыз.
•
Компьютердің параметрлеріне немесе техникалық сипаттамаларына
байланысты фотокамераға қуат берілмегендіктен, батареяны
компьютер арқылы зарядтау мүмкін емес.