Анықтамалық нұсқаулық

F
3
Өнімдерді күту
Техникалық жазбалар мен индекс
B
Монитор бойынша ескертпелер
Мониторлар жəне электрондық көрініс тапқыштар өте жоғары нақтылықпен (нүктелердің тиімділік деңгейі
99,99% мөлшерінде, ал жоқ не тежелген нүкте мөлшері 0,01% мəнінен аз) құрастырылған. Бұл дисплейлерде
əрдайым жанып тұратын (ақ, қызыл, көк не жасыл) немесе əрдайым өшіп тұратын (қара) нүктелер бар болуы
ықтимал болғандықтан, бұл ақау емес жəне құрылғымен жазылған кескіндерге əсері жоқ.
Тым ашық жарықта монитордағы кескіндерді көру қиын болуы мүмкін.
Монитор ЖД артқы жарық арқылы жанады. Монитор күңгірттеніп немесе жыпылықтай бастаса, сатушыға
немесе Nikon компаниясының өкілетті қызмет көрсету өкілдеріне хабарласыңыз.
Батарея
Батареяны қолданбас бұрын "Қауіпсіздік үшін" (
A
vi k viii) бөліміндегі ескертулерді
мұқият оқып шығыңыз жəне орындаңыз.
Фотокамераны пайдаланбас бұрын батарея деңгейін тексеріңіз, қажет болса, батареяны
ауыстырыңыз немесе зарядтап алыңыз. Батарея толық зарядталғанда зарядтауды
жалғастырмаңыз, бұл батарея жұмысын азайтады. Мүмкін болғанда, маңызды
жағдайларда суреттерге түсірген кезде қосымша батареяны толық зарядтаңыз.
Қоршаған ортасы 0°C төмен немесе 40°C жоғары температурада батареяны
пайдаланбаңыз.
Батареяны пайдаланбас бұрын 5°C жəне 35°C аралығындағы температурадағы ішкі
қоршаған ортада зарядтаңыз.
Батарея температурасы 45°C - 60°C аралығында болғанда зарядталу мүмкіндігі азаюы
мүмкін.
Қоршаған ортасы 0°C төмен немесе 60°C жоғары температурада батареяны
зарядтамаңыз.
Пайдалану барысында батареяның ыстық болуы мүмкін екенін ескеріңіз; зарядтамас
бұрын батарея суығанша күтіңіз. Осы сақтандыру шараларын орындамау батареяны
бұзуы, оның жұмысын төмендетуі немесе бір қалыпты зарядталуына кедергі жасауы
мүмкін.
Салқын күндері батарея сыйымдылығы төмендеуі мүмкін. Салқын күні суретке түсіруге
шықпас бұрын батареяны толық зарядтап алыңыз. Қосымша батареяларды жылы жерде
ұстап, қажет болғанда алмастырыңыз. Жылынғанда салқын батарея шамалы зарядын
қалпына келтіруі мүмкін.
Батарея полюстерінің ластануы фотокамераның жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
Батарея полюстері ластанғанда пайдаланбас бұрын оларды таза құрғақ шүберекпен
сүртіңіз.