Анықтамалық нұсқаулық

F
4
Өнімдерді күту
Техникалық жазбалар мен индекс
Батареяны шамалы уақытқа пайдаланбайтын болсаңыз, оны сақтап қоймас бұрын
фотокамераға салып, заряды таусылғанша қолданыңыз. Батареяны қоршаған орта
температурасы 15°C жəне 25°C аралығында болатын салқын жерде сақтаңыз. Батареяны
ыстық немесе тым салқын жерлерде сақтамаңыз.
Пайдаланылмайтын кезде батареяны əрдайым фотокамерадан немесе батареяны
зарядтау құралынан шығарып алыңыз. Салынған кезде, пайдаланылмаса да,
қолданыстың кішкене көлемі батареядан шығады. Бұл батарея қуатының таусылуына
жəне толығымен жұмыс жасамауына əкелуі мүмкін. Батарея қуаты таусылғанда
фотокамераны қосу немесе өшіру батареяны қолдану мерзімін азайтуы мүмкін. Батарея
деңгейі төмен болғанда оны пайдаланбас бұрын зарядтап алыңыз.
Кемінде əр алты ай сайын батареяны қайта зарядтаңыз жəне оны қайта сақтап қоймас
бұрын қуаты толығымен таусылғанша қолданыңыз.
Батареяны фотокамерадан немесе батареяны зарядтау құралынан шығарып алғаннан
кейін кірістірілген клемма қақпағын батареяға қосып, салқын жерде сақтаңыз.
Бөлме температурасында пайдаланылғанда толық зарядталған батарея өз қуатын
сақтаған уақыттағы белгіленген түсу батареяны алмастыру қажеттігін көрсетеді. Жаңа
EN-EL5 батареясын сатып алыңыз.
Енді қуатты сақтамайтын болғанда батареяны алмастырыңыз. Қолданылған батареялар
құнды ресурстар болып табылады. Пайдаланылған батареяларды жергілікті заңдарға сай
өңдеуге тастаңыз.
Зарядтауға арналған айнымалы ток адаптері
Зарядтауға арналған айнымалы ток адаптерін қолданбас бұрын "Қауіпсіздік үшін" (
A
vi k
viii) бөліміндегі ескертулерді мұқият оқып шығыңыз жəне орындаңыз.
EH-69P зарядтауға арналған айнымалы ток адаптері тек үйлесімді құрылғылармен
пайдалануға арналған. Басқа маркадағы немесе үлгідегі құрылғымен пайдаланбаңыз.
EH-69P зарядтау құрылғысы AТ 100-240 В, 50/60 Гц ток розеткаларымен үйлесімді. Басқа
елдерде пайдаланғанда, қажет кезде ашалы адаптерді (сатып алуға болады)
пайдаланыңыз. Ашалы адаптер туралы қосымша ақпаратты алу үшін саяхат
агенттігіңізбен кеңесіңіз.
Ешбір жағдайда EH-69P зарядтауға арналған айнымалы ток адаптерінен немесе USB
айнымалы ток адаптерінен басқа айнымалы ток адаптерінің басқа маркасын немесе
үлгісін қолданбаңыз. Осы сақтандыру шараларын орындамау шамадан тыс қызып кетуге
əкелуі немесе фотокамераны зақымдауы мүмкін.