Анықтамалық нұсқаулық
F
6
Техникалық жазбалар мен индекс
Фотокамераны күтіп ұстау
Тазалау
Спирт немесе еріткіш, химиялық жуу құралдары, антикоррозиялық заттар не болмаса
боямалауға қарсы құралдар сияқты органикалық ұшпа еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Сақтау
Фотокамераны ұзақ уақыт пайдаланбайтын болсаңыз, батареяны шығарып алыңыз.
Фотокамераны шырақ май немесе нафталин түйіршіктерімен бірге немесе мына жерлерде
сақтамаңыз:
•
Теледидар немесе радио сияқты күшті электромагниттік өрістер шығаратын
құрылғылардың жанында
•
–10°C төмен немесе 50°C жоғары температурада
•
Жақсы желдетілмеген немесе ылғалдығы 60% жоғары жерлерде
Зең басып кетпес үшін, фотокамераны кемінде айына бір рет сақталған жерден шығарыңыз.
Фотокамераны қосып, фотокамераны қайтадан орнына қоймас бұрын ысырманы бірнеше рет
ашып жабыңыз.
Батареяны сақтау үшін, "Өнімдерді күту" бөлімінің "Батарея" (
F
3) бөліміндегі ескертулерді
оқып шығыңыз жəне орындаңыз.
Объектив
көріністапқ
ыш
Саусақтарыңызды шыны бөліктеріне тигізбеңіз. Шаңды немесе мамықты ауа үргішпен
(əдетте екінші жағынан ауа ағынын шығару үшін тартатын бір жағына тіркелген резеңкелі
сауыт бар шағын құрылғы) кетіріңіз. Ауа үргішпен кетіруге болмайтын саусақ іздерін,
майлы заттарды немесе басқа дақтарды кетіру үшін, объективті құрғақ жұмсақ
шүберекпен немесе көзілдірікті тазалайтын шүберекпен объективтің ортасынан бастап
шетте
ріне қарай айналдыра отырып, абайлап сүртіңіз. Объективті күш салып немесе
қатты материалмен сүртпеңіз. Осы сақтандыру шараларын орындамау зақымдауы
немесе бұзуы мүмкін. Егер бұл сəтсіз болса, кəсіби объектив тазалағышпен кішкене
ылғалданған шүберекті пайдаланып объективті тазалаңыз.
Монитор
Шаңды немесе мамықты ауа үргішпен кетіріңіз. Ауа үргішпен кетіруге болмайтын саусақ
іздерін, майлы заттарды немесе басқа дақтарды кетіру үшін, объективті құрғақ жұмсақ
шүберекпен немесе көзілдірікті тазалайтын шүберекпен абайлап сүртіңіз. Мониторды
күш салып немесе қатты материалмен сүртпеңіз. Осы сақтандыру шараларын
орындамау зақымдауы немесе бұзуы мүмкін.
Негізгі
бөлігі
Шаңды, лас жерін немесе құмды кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, одан кейін
жұмсақ, құрғақ шүберекпен жайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе басқа
құмды не шаңды ортада пайдаланғаннан кейін таза сумен аздап ылғалданған құрғақ
шүберекпен құмды, шаңды немесе тұзды сүртіңіз де, жақсылап құрғатыңыз.
Фотокамера ішіндегі қоспа кепілдікте қамтылмайтын зақым келтіруі мүмкін
екенін ескеріңіз.