Анықтамалық нұсқаулық

18
Суретке түсіру жəне ойнату негіздері
2-дайындық. Батареяны зарядтау
1
Берілген EH-69P зарядтауға арналған айнымалы ток адаптерін
дайындаңыз.
Фотокамерамен бірге ашалы адаптер* берілсе, ашалы адаптерді зарядтауға
арналған айнымалы ток адаптеріндегі ашаға жалғаңыз. Ашалы адаптер орнында
берік орныққанша оны мықтылап итеріңіз. Екеуі жалғанғаннан кейін ашалы
адаптерді күштеп шығарып алғанда, құрылғыға зақым келуі мүмкін.
*Aшалы адаптердің пішіні фотокамера сатып aлынған елге немесе аймаққa
байланысты əр түрлі болады.
Зарядтауға арналған айнымалы ток адаптері Аргентинада жəне Кореяда
ашалы адаптермен бірге беріледі.
2
Батареяның фотокамераға салынғанына жəне фотокамераның зарядтауға
арналған айнымалы ток адаптеріне
1
-
3
аралығында жалғанғанына көз
жеткізіңіз.
Фотокамераны өшірулі күйде сақтаңыз.
Кабельді жалғаған кезде, аша дұрыс бағытта болуы керек. Кабельді фотокамераға күштеп
жалғамаңыз. Кабельді ажыратқанда, штепсельдің ұшын бұрышқа қисайтып тартпаңыз.
Зарядтау басталған кезде, зарядтау шамы жасыл түсте баяу жыпылықтайды.
Заряды таусылған батареяны толығымен зарядтауға шамамен 4 сағат жəне 30 минут уақыт
кетеді.
Батарея толығымен зарядталғанда, зарядтау шамы өшіріледі.
Қосымша ақпаратты "Зарядтау шамын түсіну" (
A
19) бөлімінен қараңыз.
3
Электр розеткасынан зарядтауға арналған айнымалы ток адаптерін, одан кейін
USB кабелін ажыратыңыз.
Зарядтау шамы
Электр розеткасы
UC-E6 USB кабелі (қамтылған)