Анықтамалық нұсқаулық
iv
Осыны алдымен оқу
Кіріспе
Мəліметтер мен сақтық шаралары
Өмір бойына үйрену
Nikon компаниясының "Өмір бойына үйрену" міндеттемесінің бөлігі ретінде ағымдағы өнімге қолдау көрсету жəне
ол туралы білімді жетілдіру, үздіксіз жаңартылған ақпарат келесі тораптарда қол жетімді болады:
•
АҚШ еліндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikonusa.com/
•
Еуропа мен Африка елдеріндегі пайдаланушылар үшін: http://www.europe-nikon.com/support/
•
Азия, Океания жəне Таяу Шығыс елдеріндегі пайдаланушылар үшін: http://www.nikon-asia.com/
Өнім бойынша кеңестерді, жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды жəне кескінді сандық пішімдеу мен суретке
түсіру бойынша ең соңғы жаңартылған мəліметтерді алу үшін осы тораптарға кіріңіз. Қосымша ақпаратты
аймағыңыздағы Nikon өкілдерінен алуға болады. Байланыс мəліметтерін алу үшін төмендегі торапқа кіріңіз:
http://imaging.ni kon.com/
Тек қана Nikon тауар белгісі бар электронды керек-жарақтарды қолдану
Nikon COOLPIX фотокамералары жоғарғы стандарттар үшін жасалған жəне күрделі электронды схеманы
қамтиды. Осы электронды схеманың оперативтік жəне қауіпсіздік талаптарымен жұмыс істеу үшін, əсіресе Nikon
сандық камерасымен, Nikon компаниясы бекіткен Nikon тауар белгісі бар электронды керек-жарақтарды ғана
қолдану (батареяны зарядтау құралдары, батареялар, зарядтауға арналған айнымалы ток адаптері жəне
айнымалы ток адаптерлері) жобаланған жəне танылған.
N
IKON ӨНІМДЕРІНЕ
Ж
АТПАЙТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ ФОТОКАМЕРАҒА ЗАҚЫМ
КЕЛТІРУІ МҮМКІН ЖƏНЕ
N
IKON КЕПІЛДЕМЕСІН ЖАРАМСЫЗ ЕТУІ ЫҚТИМАЛ.
Nikon голографиялық мөрі басылмаған үшінші тараптың қайта зарядталатын литий-ионды батареяларын
қолдану фотокамераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі немесе батареялардың қызып кетуіне,
жануына, зақымдалуына немесе ағып кетуіне əкелуі мүмкін.
Nikon тауар белгісі бар керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты алу үшін Nikon жергілікті өкілетті
сатушыларымен байланысыңыз.
Маңызды суреттерді түсірмес бұрын
Маңызды жағдайларға байланысты суреттерді түсірмес бұрын (мыс., үйлену тойлары немесе фотокамераны саяхатқа
алмас бұрын), фотокамераның қалыпты жұмыс істейтінін тексеру үшін сынақ суретке түсіріп көріңіз. Nikon компаниясы
өнімнің дұрыс жұмыс істемеуін тудыруы мүмкін зақымдарға немесе жоғалған пайда үшін жауапты болмайды.
Нұсқаулықтар туралы
•
Осы өнімде қамтылған нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының алдын ала жазылған рұқсатынсыз
ешқандай пішінде жəне ешқандай жолмен көшірмелеуге, таратуға, ақпараттық іздеу жүйесінде қайтадан жазуға
немесе ешбір тілге аударуға болмайды.
•
Nikon компаниясы өнімді қолданудан туындаған ешбір зақымдар үшін жауапты болмайды.
•
Nikon компаниясы кез келген уақытта жəне ешбір ескертусіз құжатта сипатталған аппараттық құрал мен
бағдарламалық құралдың техникалық сипаттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
•
Құжаттағы мəліметтердің дəл жəне толық болуын қамтамасыз ету үшін əрбір кезде күш салынғанымен, қателерді
немесе түсіп қалған мəліметтерді аймағыңыздағы Nikon компаниясына беру бағаланады (мекенжай бөлек беріледі).
Голографиялық мөр:
Осы құрылғының түпнұсқа
Nikon өнімі екендігін анықтайды.