Анықтамалық нұсқаулық
vii
Кіріспе
Қауіпсіздік үшін
Батареяны ұстаған кезде сақ
болыңыз
Батареяны дұрыс ұстамаған кезде ол ағуы,
қатты қызып кетуі немесе жарылуы мүмкін. Осы
өнімде қолдану үшін батареяны ұстаған кезде
келесі сақтық шараларын орындаңыз:
•
Батареяны ауыстырмас бұрын өнімді
өшіріңіз. Зарядтауға арналған айнымалы
ток адаптерін немесе айнымалы ток
адаптерін қолданған кезде, оны міндетті
түрде токтан ажыратыңыз.
•
Тек қана EN-EL5 қайта зарядталатын
литий-ионды батареясын (қамтылған)
қолданыңыз. Батареяны фотокамераға
салу жəне зарядтауға арналған EH-69P
айнымалы ток адаптеріне (қамтылған)
жалғау арқылы зарядтаңыз.
•
Батареяны салған кезде оны жоғарғы жағын
төмен қаратып немесе кері салуға əрекет
жасамаңыз.
•
Батареяны бөлшектемеңіз немесе
батарея оқшаулануын не корпусын алып
тастауға не бұзуға əрекеттенбеңіз.
•
Батареяны отқа немесе шамадан тыс
ыстық жерге шығармаңыз.
•
Суға батырмаңыз немесе оған
жақындатпаңыз.
•
Батареяны тасымалдаған кезде
қысқыш қақпақты ауыстырыңыз. Алқа
немесе шашты түйреуіштер сияқты
металдан жасалған заттармен бірге
тасымалдамаңыз немесе сақтамаңыз.
•
Батареяның заряды толық біткен кезде ол
ағып кетуге бейім болады. Өнімге зақым
келтірмеу үшін заряд қалмаған кезде
батареяны міндетті түрде алып тастаңыз.
•
Қолдануды тоқтатқаннан кейін бірден
түсінің бұзылуы немесе пішімінің өзгеруі
сияқты батареядағы кез келген
өзгерістерді байқауыңыз қажет.
•
Зақымдалған батареядан аққан сұйықтық
киіміңізге немесе теріге тисе, бірден көп
мөлшердегі сумен жуыңыз.
Зарядтауға арналған айнымалы ток
адаптерін ұстаған кезде келесі
сақтық шараларын орындаңыз
•
Құрғақ етіп сақтаңыз. Осы сақтық шараларын
дұрыс қолданбау өртті тудыруы немесе
электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
•
Ашаның металдан жасалған бөліктеріндегі
немесе оның жанындағы шаңды құрғақ
матамен сүрту қажет. Қолдануды жалғастыру
өрт тудыруы мүмкін.
•
Найзағай кезінде зарядтауға арналған
айнымалы ток адаптеріне жақындамаңыз
немесе ашаны ұстамаңыз. Осы сақтық
шараларын дұрыс қолданбау электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
•
USB кабеліне зақым келтірмеңіз, пішімін
өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз немесе
бүкпеңіз, ауыр заттардың астына
салмаңыз немесе ыстыққа не жалынға
шығармаңыз. Изоляцияға жəне сымдарға
зақым келсе, оны тексеру үшін Nikon
өкілетті қызмет көрсету орталығына
апарыңыз. Осы сақтық шараларын дұрыс
қолданбау өртті тудыруы немесе электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
•
Ашаны немесе зарядтауға арналған
айнымалы ток адаптерін сулы
қолыңызбен ұстамаңыз. Осы сақтық
шараларын дұрыс қолданбау электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
•
Бір кернеуден басқасына түрлендіру үшін
жасалған сапар түрлендіргіштерімен немесе
адаптерлерімен не құралдарымен бірге
қолданбаңыз. Осы сақтық шараларын
қолданбау өнімге зақым келтіруі немесе
қатты қызып кетуді не өртті тудыруы мүмкін.