Қолданушы нұсқаулығы

82
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Skin Softening (Теріні жұмсарту) функциясын пайдалану
Төменде көрсетілген суретке түсіру режимдерін пайдалану кезінде ысырма
босатылғанда, фотокамера адам беттерін анықтап, бет терісінің реңкін жұмсарту үшін
(3 бетке дейін) кескінді өңдейді.
s
(түнгі портрет),
Scene auto selector (Көріністі автоматты таңдау)
немесе
Portrait
(Портрет)
көрініс режимі (
A
40)
Теріні жұмсарту сақталған кескіндерге де қолданылуы мүмкін (
A
86).
B
Теріні жұмсарту туралы ескертпелер
Суретке түсіруден кейін кескіндерді сақтау үшін əдеттегіден артық уақыт қажет болуы мүмкін.
Кейбір түсіру жағдайларында қажетті тері жұмсарту нəтижелеріне қол жеткізілмеуі мүмкін
жəне теріні жұмсарту кескіннің беттер жоқ болған аймақтарына қолданылуы мүмкін.
Автофокус үшін үйлесімді емес нысандар
Камера келесі жағдайларда күтілетіндей фокустала алмауы мүмкін. Кейбір сирек
жағдайларда, фокустау аумағының немесе фокустау индикаторының жасыл түсте
жануына қарамастан нысан фокуста болмауы мүмкін.
Нысан өте қараңғы
Жарықтық қатты бөлектелетін нысандар кескінде қамтылады (мыс., нысан артындағы
күн нысанды қараңғы етіп көрсетеді)
Нысан мен оның айналасында контраст жоқ (мыс., ақ көйлек киген портрет нысаны ақ
қабырғаның алдында тұр)
Бірнеше элементтер фотокамерадан əртүрлі арақашықтықта тұр (мыс., нысан тордың
ішінде)
Қайталанатын үлгісі бар нысандар (бірдей пішінді терезелердің бірнеше қатарлары,
терезе перделері бар ғимараттар жəне т.б.)
Нысан жылдам жылжуда
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда қайта фокустау үшін ысырманы босату түймешігін
қайтадан бірнеше рет жартылай басып көріңіз немесе фотокамерадан қажет нысанмен
бірдей қашықтықта орналасқан басқа нысанды фокустаңыз да, фокустау құлпын
пайдаланыңыз (
A
83).
Фотокамера қолмен реттелетін фокустауды пайдаланып та фокустай алады (
A
66, 67).