Қолданушы нұсқаулығы
ix
Кіріспе
шараларын дұрыс қолданбау электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
•
USB кабеліне зақым келтірмеңіз,
пішімін өзгертпеңіз, күшпен тартпаңыз
немесе бүкпеңіз, ауыр заттардың
астына салмаңыз немесе ыстыққа не
жалынға шығармаңыз. Изоляцияға
жəне сымдарға зақым келсе, оны
тексеру үшін Nikon өкілетті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз. Осы
сақтық шараларын дұрыс қолданбау
өртті тудыруы немесе электр тогының
соғуына əкелуі мүмкін.
•
Ашаны немесе зарядтау айнымалы
ток адаптерін су қолдарыңызбен
ұстамаңыз. Осы сақтық шараларын
дұрыс қолданбау электр тогының
соғуына əкелуі мүмкін.
•
Бір кернеуден басқасына түрлендіру
үшін жасалған сапар
түрлендіргіштерімен немесе
адаптерлерімен не құралдарымен бірге
қолданбаңыз. Осы сақтық шараларын
қолданбау өнімге зақым келтіруі немесе
қатты қызып кетуді не өртті тудыруы
мүмкін.
Сәйкес кабельдерді қолданыңыз
Кабельдерді кіріс жəне шығыс ұяларына
жалғаған кезде, өнім стандарттарына
сəйкестікті орнату мақсатына арналған тек
қана Nikon компаниясы берген немесе
сатқан кабельдерді қолданыңыз.
Қозғалатын бөліктерді абайлап
ұстаңыз
Объектив қақпағының немесе басқа
қозғалатын бөліктердің саусақтарыңызды
немесе басқа мүшелеріңізді қысып
қалмауы үшін абай болыңыз.
Жарқылды көзіңізге жақын
қолдану уақытша көру
қабілетіңізді нашарлатуы мүмкін.
Жарқыл нысаннан кемінде 1 м қашықтықта
болуы тиіс.
Сəбилерді суретке түсірген кезде өте абай
болуыңыз қажет.
Жарқыл терезесі адамға не
нысанға тиіп тұрған кезде
жарқылмен жұмыс істемеңіз
Осы сақтық шараларын қолданбау күйіп
қалуға немесе өртке əкелуі мүмкін.
Сұйық кристалға жақын
ұстамаңыз
Монитор сынып қалған кезде, сынған
əйнекпен зақымдалуды болдырмау үшін
жəне монитордың сұйық кристалының
теріге тиюін немесе көзге не ауызға кіріп
кетуін болдырмау үшін абай болу қажет.
Ұшақта немесе ауруханада
қолданған кезде қуатты өшіріңіз
Ұшу не қону кезінде ұшақта болғанда
қуатты өшіріңіз.
Əуеде болған кезде сымсыз желі
функцияларын пайдаланбаңыз.
Ауруханада болған кезде аурухананың
нұсқауларын орындаңыз.
Фотокамера шығаратын электро-магнитті
толқындар ұшақтың электронды
жүйелеріне немесе аурухананың
құралдарына кедергі келтіруі мүмкін.
Егер Eye-Fi картасын пайдаланатын
болсаңыз, оны əуе көлігіне немесе
ауруханаға кіру алдында фотокамерадан
алып тастаңыз.