Қолданушы нұсқаулығы
Tехникалық жазбалар мен индекс
F
2
Фотокамера
Осы Nikon өнімін игіліңізге ұзақ уақыт бойы пайдалану үшін құрылғыны пайдаланған
немесе сақтаған кезде "Қауіпсіздік үшін" (
A
vii-ix) бөліміндегі ескертулерге қоса,
төменде сипатталған сақтық шараларын есте сақтаңыз.
B
Түсіріп алмаңыз
Қатты ұрылса немесе шайқалса, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
B
Объектив пен барлық жылжымалы бөліктерді абайлап ұстаңыз
Объективке, объектив қақпағына, мониторға, жад картасының ұяшығына немесе батарея
бөлігіне күш салмаңыз. Бұл бөліктер оңай бұзылады. Объектив қақпағына күш салу
фотокамераның дұрыс жұмыс істемеуіне немесе объективке зақым келтіруі мүмкін. Монитор
сынуы мүмкін, сынған шынымен жарақаттанып қалмау үшін жəне дисплейдегі сұйық кристалдың
теріге тимеуі немесе көзге не ауызға кірмеуі үшін абай болу ке
рек.
B
Құрғақ жерде сақтаңыз
Егер су тисе немесе қатты дымқыл əсер етсе, құрылғы бұзылады.
B
Температураның күрт өзгеруін болдырмаңыз
Салқын күні жылытылған ғимаратқа кіргендегі немесе шыққандағы сияқты, температураның
күрт өзгеруінен құрылғының ішінде сұйықтық пайда болуы мүмкін. Сұйықтық пайда болмауы
үшін, құрылғыны температура күрт өзгеретін жерге шығармас бұрын тасымалы немесе
пластикалық қалтаға салыңыз.
B
Күшті магнитті өрістерден алыс ұстаңыз
Бұл құрылғыны күшті электромагниттік сəулелендіру немесе магниттік өрістер шығаратын
жабдыққа жақын пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Радио хабарын тарату құралдары сияқты
құрылғыдан шығатын күшті электростатикалық заряд немесе магнитті өрістер монитор
жұмысына кедергі келтіруі, жад картасында сақталған деректердің бүлінуі немесе өнімнің ішкі
схемасына əсер етуі мүмкін.
B
Объективті ұзақ уақыт қатты жарық көздеріне қоймаңыз
Фотокамераны пайдаланғанда немесе сақтағанда объективті ұзақ уақытқа күннің көзіне немесе
басқа қатты жарық көздеріне қоймаңыз. Күшті жарық кескін сенсорының сапасын төмендетуі
мүмкін, сонда фотосуреттерде ақ таңба əсері пайда болады.
B
Қуат көзінен немесе жад картасын шығарып алмас немесе ажыратпас бұрын
өнімді өшіріңіз
Өнім қосылып тұрғанда немесе кескіндер сақталып немесе жойылып жатқанда батареяны
шығарып алмаңыз. Бұл жағдайларда қуатты күштеп үзу деректердің жоғалуына немесе өнім
жадына не ішкі схемаға зақым келтіруі мүмкін.
Өнімдерді күту