Қолданушы нұсқаулығы
Tехникалық жазбалар мен индекс
F
4
•
Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмаса, фотокамераға салып, сақтау үшін
алу алдында зарядын соңына дейін бітіріңіз. Батареяны қоршаған орта
температурасы 15°C - 25°C салқын орында сақтау керек. Батареяны ыстық немесе
өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
•
Пайдаланылмайтын кезде батареяны əрдайым фотокамерадан немесе қосымша
зарядтау құрылғысынан шығарып алыңыз. Салынған кезде, пайдаланылмаса да,
қолданыстың кішкене көлемі батареядан шығады. Бұл батарея қуатының таусылуына
жəне толығымен жұмыс жасамауына əкелуі мүмкін. Батарея қуаты таусылғанда
фотокамераны қосу немесе өшіру батареяны қолдану мерзімін азайтуы мүмкін.
•
Кемінде əр алты ай сайын батареяны қайта зарядтаңыз жəне оны қайта сақтап қоймас
бұрын қуаты толығымен таусылғанша қолданыңыз.
•
Батареяны фотокамерадан немесе қосымша зарядтау құрылғысынан алғаннан кейін
оны оқшаулау үшін пластик қалтаға, т.б. салып, салқын жерде сақтаңыз.
•
Бөлме температурасында пайдаланылғанда толық зарядталған батарея өз қуатын
сақтаған уақыттағы белгіленген түсу батареяны алмастыру қажеттігін көрсетеді. Жаңа
EN-EL23 батареясын сатып алыңыз.
•
Енді қуатты сақтамайтын болғанда батареяны алмастырыңыз. Қолданылған
батареялар құнды ресурстар болып табылады. Пайдаланылған батареяларды
жергілікті заңдарға сай өңдеуге тастаңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптері
Пайдаланудан бұрын «Қауіпсіздік үшін» (
A
vii-ix) тарауындағы ескертулерді оқып, есте
сақтауды ұмытпаңыз.
•
EH-71P зарядтауға арналған айнымалы ток адаптері тек үйлесімді құрылғылармен
қолданылу үшін жасалған. Құрылғының өзге түрімен немесе үлгісімен бірге
пайдаланбаңыз.
•
UC-E21 түрінен басқа USB кабелін пайдаланбаңыз. UC-E21 түрінен басқа USB кабелді
пайдалансаңыз, өнімнің қызып кетуіне, өртке немесе электр тогының соғуына алып
келуі мүмкін.
•
EH-71P зарядтауға арналған айнымалы ток адаптерінен басқа айнымалы ток
адаптерінің өзге түрін немесе үлгісін ешбір жағдайда пайдаланбаңыз, сондай-ақ сатып
алуға қол жетімді USB-айнымалы ток адаптерін немесе ұялы телефон батареясын
зарядтау құрылғысын пайдааланбаңыз. Осы сақтық шарасын орындамау
фотокамераның шамадан тыс қызуына немесе зақымдануына əкелуі мүмкін.
•
EH-71P құрылғысы айнымалы тогы 100 В–240 В, 50/60 Гц электр розеткаларымен
үйлесімді. Өзге елдерде пайдаланған кезде, аша адаптерін (еркін сатылымда бар)
қажетінше пайдаланыңыз. Аша адаптерлеріне қатысты қосымша мəлімет алу үшін
саяхат агенттігіне хабарласыңыз.