Қолданушы нұсқаулығы

Tехникалық жазбалар мен индекс
F
6
Тазалау
Спирт немесе еріткіш, химиялық жуу құралдары, антикоррозиялық заттар не болмаса
боямалауға қарсы құралдар сияқты органикалық ұшпа еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Фотокамераны күтіп ұстау
Объектив/
көріністапқ ыш
Əйнек бөліктерін саусақтарыңызбен ұстауға тырыспаңыз. Тозаң немесе
ұлпаны ауа үргішпен (əдетте екінші жағынан ауа ағымын шығару үшін
басылатын ұшына жалғанатын резеңке сауыты бар кішігірім құрылғы болып
табылады) кетіріңіз. Желдеткішпен кетпейтін саусақ іздерін немесе өзге
дақтарды кетіру үшін ортасынан бастап, шеттеріне қарай бағытталған
спиральды қозғалыстар көмегімен объективті жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
Егер бұл нəти
же бермесе, объективті еркін сатылымдағы объектив
тазалағышымен аздап ылғалданған шүберекпен тазалаңыз.
Монитор
Тозаң мен ұлпаны ауа үргішпен кетіріңіз. Саусақ іздері мен өзге дақтарды
кетіру үшін қатты қысым жасамау үшін сақтық сақтай отырып, мониторды
жұмсақ, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Негізгі бөлігі
Шаңды, лас жерін немесе құмды кетіру үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, одан
кейін жұмсақ, құрғақ шүберекпен жайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда
немесе басқа құмды не шаңды ортада пайдаланғаннан кейін таза сумен
аздап ылғалданған құрғақ шүберекпен құмды, шаңды немесе тұзды сүртіңіз
де, жақсылап құрғатыңыз.
Фотокамера ішіндегі қоспа кепілдікте
қамтылмайтын зақым келтіруі мүмкін екенін ескеріңіз.