Қолданушы нұсқаулығы

Tехникалық жазбалар мен индекс
F
34
Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы!
Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет. Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету
қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe BV (Еуропа/Африка жəне
Ресей) сату аумағындағы өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшелермен хабарласыңыз.
Қажетсіз ыңғайсыздықтарды алдын алу үшін дилермен немесе өкілетті қызмет көрсету
желісімен хабарласудан бұрын пайдаланушы нұсқаулықтарын мұқият оқып шығуға кеңес
береміз.
Nikon жабдығына бастапқы сатып алған күннен бастап бір жылға қандай да бір өндірістік
ақауларға кепілдік беріледі. Кепілдік берілген осы мерзім ішінде өнім нашар материалға
немесе жасалу сапасына байланысты істен шығатын болса, Nikon Europe BV сату
аумағындағы біздің өкілетті қызмет көрсету желісіміз төменде көрсетілген шарттар мен
талаптарға сəйкес жұмысы жəне бөлшектері үшін ақы алмай, өнімді жөндейді. Nikon
компаниясы өнімді ауыстыру немесе жөндеу құқығын (өзінің қарауына) өзінде қалдырады.
1.
Бұл кепілдік сатып алынған күнді, өнім түрін жəне дилердің аты-жөнін көрсететін
дайын кепілдік талоны жəне бастапқы есепшот немесе сатып алғандығын
дəлелдейтін түбіртектің негізінде ғана беріледі; өніммен бірге Nikon компаниясы
жоғарыда айтылған құжаттар көрсетілмесе немесе оның ішінде мəліметтер толық
болмаса немесе оқуға түсініксіз болса, кепілдік бойынша тегін қызмет көрсетуден бас
тарту құқығын сақтайды.
2.
Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі:
қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық
қызмет көрсету жəне жөндеу немесе ауыстыру.
пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша
келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту.
тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама
байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
өнім бастапқыдан жасалған жəне/немесе өндірілген елдерден басқа қандай да
бір басқа елдердегі заңдардың жергілікті немесе техникалық ережелеріне сəйкес
Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз өнімге жасалған өзгертулердің
немесе реттеулердің нəтижесінде келтірілген қандай да бір зақым.
3.
Кепілдік келесі жағдайларда жарамсыз болып табылады:
дұрыс пайдаланбаудың, сондай-ақ өнімді қалыпты жағдайда немесе пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету жөнінде пайдаланушы нұсқаулықтарына сəйкес
пайдаланбау жəне өнімді пайдаланылған елдің қауіпсіздік ережелеріне сəйкес
орнатпаудың немесе пайдаланбаудың нəтижесінде келтірілген зақым.
апат, сондай-ақ нажағай, су тасқыны, өрт шығу, дұрыс пайдаланбау немесе
немқұрайдылықтың нəтижесінде келтірілген зақым.
өнім үлгісін немесе сериялық нөмірін өшіру, оның анық болмауы немесе алып
тастау.
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon
Europe Service Warranty кепілдігі