Қолданушы нұсқаулығы

8
Фотокамераның бөліктері мен негізгі функциялары
Монитор бұрышын ашу және реттеу
Монитордың бағыты мен еңісін өзгертуге болады. Мұны, əсіресе жоғары не төмен
позициядағы фотокамерамен суретке түсіретін кезде немесе өзіндік портреттерді түсіру
кезінде пайдалануға болады.
Қалыпты күйде түсіру үшін мониторды экраны сыртқа қараған күйде фотокамера
денесіне қарсы бүгіңіз (
3
).
Фотокамераны қолданбайтын кезде немесе
тасымалдау кезінде, сызат түсудің немесе
ластанудың алдын алу үшін, мониторды экраны
ішке қараған күйде фотокамера денесіне қарсы
бүгіңіз.
B
Монитор туралы ескертпелер
Мониторды жылжыту кезінде, байланыс зақымдалмауы үшін шамадан тыс күш қолданбаңыз
жəне монитордың бейімделмелі ауқымының аясында баяу бұрыңыз.