Қолданушы нұсқаулығы
35
Суретке түсіру жəне ойнату негіздері
Ысырманы босату түймешігі
B
Кескіндерді сақтау және бейнефильмдерді жазу туралы ескертпелер
Кескіндерді жазылуы немесе бейнефильм сақталуы барысында қалған экспозицияның санын
көрсететін индикаторы немесе бейнефильмнің ең көп ұзақтығын көрсететін индикатор
жыпылықтайды. Индикатор жыпылықтаған кезде
батарея бөлімі/жад картасы ұяшығы
қақпағын ашпаңыз, батареяны немесе жад картасын шығарып алмаңыз.
Солай жасау
деректердің жоғалуына немесе фотокамераны немесе жады картасын зақымдауы мүмкін.
Жартылай басу
Фокус жəне экспозицияны орнату үшін (ысырма
жылдамдығы жəне апертура мəні), ысырманы босату
түймешігін кедергі сезілгенше сəл басыңыз. Ысырманы
босату түймешігі жартылай басылғанда фокустау мен
түсіру құлыптаулы түрде сақталады.
Толық басу
Ысырманы босату жəне кескінді түсіру үшін ысырманы
босату түймешігін толық басыңыз.
Ысырманы босату түймешігін басқан кезде күш
салмаңыз, бұл камераның шайқалуы жəне кескіндердің
бұлдырауына əкелуі мүмкін. Түймешікті ақырын
басыңыз.