Қолданушы нұсқаулығы

v
Кіріспе
Нұсқаулықтар туралы
Осы өнімде қамтылған нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon компаниясының алдын ала
жазылған рұқсатынсыз ешқандай пішінде жəне ешқандай жолмен көшірмелеуге, таратуға,
ақпараттық іздеу жүйесінде қайтадан жазуға немесе ешбір тілге аударуға болмайды.
Nikon компаниясы осы нұсқаулықтарда сипатталған жабдық пен бағдарламаның техникалық
сипаттамаларын кез-келген уақытта жəне алдын-ала ескертусіз өзгерту құқығына ие.
Nikon компаниясы өнімді қолданудан туындаған ешбір зақымдар үшін жауапты болмайды.
Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің дұрыс жəне толық болуына бар күш-жігерімізді
жұмсағанымызбен, қандай да бір қателерді немесе ескерілмеген тұстарды байқаған
жағдайда аймақтағы Nikon өкіліне айтуды сұраймыз (мекенжайы бөлек беріледі).
Көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескертпе
Сканердің, сандық камераның немесе басқа құрылғының көмегімен сандық көшірмесі жасалған
немесе көбейтілген материалдың жай ғана иесі болудың өзі заңмен жазаға тартылуы
мүмкіндігін ескеріңіз.
Көшірмеленуіне немесе көбейтілуіне заңмен тыйым салынған элементтер
"Үлгі" ретінде мөр басылған көшірмелер немесе көбейтулер болса да, қағаз ақшаның,
тиындардың, құнды қағаздардың, мемлекеттік құнды қағаздардың немесе жергілікті құнды
қағаздардың көшірмесін жасамаңыз немесе оларды көбейтпеңіз. Шет елдерде айналыстағы
қағаз ақшаның, тиындардың немесе құнды қағаздардың көшірмесін жасауға немесе көбейтуге
тыйым салынады. Мемлекеттің рұқсатын алмайынша, мемлекет шығарған қолданылмайтын
пошта маркаларын немесе ашық х
аттарды көші
рмелеуге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Мемлекет шығарған мөрлерді жəне заңмен қарастырылған куəландыратын құжаттарды
көшірмелеуге немесе көбейтуге тыйым салынады.
Нақты көшірмелер және көбейтулер бойынша ескертулер
Компания арқылы іскери қолданысқа берілуі қажет көшірмелердің ең азынан басқа жағдайда,
мемлекет жеке компаниялар шығарған құнды қағаздардың (акциялар, банкноттар, чектер,
сыйлық куəліктері, т.б.), жолаушы билеттерінің немесе талон билеттерінің көшірмелері немесе
көбейтулері бойынша ескертулерді шығарған. Сондай-ақ, мемлекет шығарған паспорттардың,
қоғамдық агенттіктер жəне жеке топтар шығарған лицензиялардың, өтуге жəне тамақтануға
арналған ку
пондар сияқт
ы жеке кəртішкелердің жəне билеттердің көшірмесін жасамаңыз жəне
көбейтпеңіз.
Авторлық құқық ескертпелеріне сәйкес орындау
Кітаптар, əуен, салынған суреттер, ағашқа салынған өрнектер, карталар, сызбалар,
бейнефильмдер жəне фотосуреттер сияқты авторлық құқықтары бар шығармашылық
жұмыстарды көшірмелеу немесе көбейту ұлттық жəне халықаралық авторлық құқық
заңдарымен басқарылады. Бұл өнімді заңсыз көшірмелерді жасау немесе авторлық құқықтарды
бұзу үшін қолданбаңыз.