Қолданушы нұсқаулығы
68
Суретке түсіру мүмкіндіктері
C E
(Қолмен реттелетін фокус)
•
2-қадамда монитордың оң жағындағы датчик үшін көрсетілген сандар датчик орталыққа
жақын болған кезде фокустағы нысанға дейінгі қашықтыққа арналған нұсқаулық ретінде
пайдаланылады.
•
Нысанды фокусқа алуға болатын нақты ауқым апертура мəніне жəне масштабтау күйіне
байланысты өзгешеленеді. Нысанның фокуста екенін қарау үшін кескінді түсіруден кейін
тексеріңіз.
•
Мульти селектордың орнына бүйірлік масштабтауды басқару тетігін пайдаланып фокустау
үшін 2-қадамда орнату мəзіріндегі
Assign side zoom control (Бүйірлік масштабтауды
басқару тетігін тағайындау)
(
A
96) параметрін
Manual focus (Қолмен реттелетін фокус)
мəніне орнатыңыз.
C
Контурларды күшейту бойынша ескертпелер
•
Фокуста болатын контраст деңгейінің ауқымын контурларды күшейту деңгейі арқылы
өзгертуге болады. Контрасты жоғары нысандар үшін деңгейді төмен, ал контрасты төмен
нысандар үшін деңгейді жоғары орнату тиімді.
•
Контурларды күшейту функциясы кескіннің контрасты жоғары аймақтарды ақ түспен
белгілейді. Суретке түсіру жағдайларына байланысты, белгілеу дұрыс жұмыс жасамауы
мүмкін немесе фокуста болмаған аймақтар белгіленуі мүмкін.
•
Контурларды күшейту көрінісін орнату мəзіріндегі (
A
96)
Peaking (Контурларды күшейту)
параметрін пайдаланып өшіруге болады.