Қолданушы нұсқаулығы
vii
Кіріспе
Nikon өніміне немесе өзіңізге не басқаларға зақым келтіруді болдырмау үшін жабдықты
қолданбас бұрын келесі сақтық шараларын толығымен оқып шығыңыз. Өнімді
қолданатын барлық адамдардың осы қауіпсіздік нұсқауларын оқуы үшін оларды сақтап
қойыңыз.
Осы бөлімде берілген сақтық шараларын ескермеуден болуы мүмкін салдарлар келесі
таңбамен белгіленген:
ЕСКЕРТУЛЕР
Дұрыс жұмыс істемеген жағдайда
өшіріңіз
Фотокамерадан немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерінен түтін немесе
қалыпсыз иіс шығатынын байқасаңыз,
күйіп қалмау үшін абайлап, зарядтау
айнымалы ток адаптерін ажыратып, жедел
түрде батареяны алып тастаңыз.
Қолдануды жалғастыру зақым келтіруі
мүмкін. Қуат көзінен ажыратқаннан немесе
алып тастағаннан кейін, тексеруден өткізу
үшін жабдықты Nikon өкілетті қызмет
көрсету бөлімшесіне апарыңыз.
Бөлшектемеңіз
Фотокамераның ішкі бөліктерін немесе
зарядтау айнымалы ток адаптерін ұстау
нəтижесінде жарақат алынуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстарын тек қана білікті
мамандар жүргізуі қажет. Түсіріп алудың
немесе басқа жағдайлардың нəтижесінде
фотокамера немесе зарядтау айнымалы
ток адаптері сынып қалса, өнімді
ажыратқаннан жəне/немесе батареяны
алып тастағаннан кейін өнімді тексеру үшін
Nikon өкілетті қызмет көрсету бөлімшесіне
апарыңыз.
Өртке қауіпті газдың жанында
фотокамераны немесе зарядтау
айнымалы ток адаптерін
қолданбаңыз
Электрондық жабдықты жанғыш газ бар
жерде пайдаланбаңыз, себебі бұл жарылу
немесе өртенуге əкелуі мүмкін.
Фотокамера бауын абайлап
ұстаңыз
Бауды ешқашан сəбидің немесе баланың
мойнына аспаңыз.
Балалардың қолы жетпейтін
жерде сақтаңыз
Сəбилердің батареяны немесе өзге де
кішігірім бөліктерді аузына салмауы үшін
ерекше сақтық көрсету қажет.
Құрылғылар қосулы немесе
қолданыста болғанда
фотокамераны, зарядтау
айнымалы ток адаптерін немесе
айнымалы ток адаптерін ұзақ
уақыт бойы ұстамаңыз
Құрылғылардың бөліктері ыстық болады.
Ұзақ уақыт бойына құрылғыларды теріге
жақын ұстау нəтижесінде төменгі
температурада күйіп қалу туындауы
мүмкін.
Қауіпсіздік үшін
Бұл белгіше ықтимал зақымның алдын алу мақсатында Nikon өнімін қолданбас
бұрын оқылуы қажет ескертулерді, мəліметтерді таңбалайды.