Анықтамалық нұсқаулық

ix
Кіріспе
Құрылғылар қосулы немесе
қолданылып жүрген кезде,
фотокамераны, батареяны
зарядтау құрылғысын немесе
айнымалы ток адаптерін ұзақ
уақыт бойы ұстап жүрмеңіз.
Құрылғының бөлшектері қызуы мүмкін.
Құрылғылардың ұзақ уақыт бойы теріге
тиіп тұруы төмен температуралы
күйіктерге əкелуі мүмкін.
Батареяны пайдаланған кезде
абай болыңыз
Дұрыс пайдаланылмаған кезде батарея
ағып кетуі, шамадан тыс қызуы немесе
жарылуы мүмкін. Осы өнім үшін пайдалану
мақсатында батареяны ұстаған кезде
келесі сақтық шараларын ескеріңіз:
Батареяны ауыстырудан бұрын өнімді
өшіріңіз. Егер желілік зарядтау
құрылғысы/айнымалы ток адаптерін
пайдаланып жүрсеңіз, оның
суырылғанына көз жеткізіңіз.
Тек қана EN-EL19 қайта зарядталатын
литий-ионды батареяны пайдаланыңыз
(жинаққа кіреді). Батареяны зарядтау
мүмкіндігін ұсынатын фотокамера
арқылы зарядтаңыз. Бұл əрекетті
орындау үшін (берілген) EH-70P
зарядталатын айнымалы ток адаптерін
немесе
Charge by computer
(Компьютер арқылы зарядтаңыз)
функциясын пайдаланыңыз. Батареяны
фотокамераны пайдаланбай зарядтау
үшін MH-66 батареяны зарядтау
құрылғысын (бөлек сатылады) да
пайдалануға болады.
Батареяны салған кезде, оны төңкеріп
немесе кері бағытта салуға тырыспаңыз.
Батареяны қысқа тұйықтамаңыз немесе
бөлшектемеңіз немесе батареяның
изоляциясын немесе сыртын алып
тастауға немесе бөлуге тырыспаңыз.
Батареяны отқа немесе шамадан тыс
ыстыққа салмаңыз.
Суға салмаңыз немесе судың
шашырауына жол бермеңіз.
Тасымалдау алдында батареяны
батарея корпусына салыңыз.
Батареяны алқа немесе шаш
түйрегіштер сияқты металдан жасалған
заттармен бірге тасымалдамаңыз
немесе сақтамаңыз.
Қуаты таусылған кезде батарея ағып
кетуге бейім келеді. Өнімге зақым
келтірмеу үшін қуаты таусылған кезде
батареяны алып тастауды ұмытпаңыз.
Батареяда түсінің немесе пішінінің
өзгеруі сияқты өзгерістерді байқасаңыз,
пайдалануды сол бойда доғарыңыз.
Зақымдалған батареядан шыққан
сұйықтық киімге немесе теріге тисе,
бірден сумен шайыңыз.
Желілік зарядтау құрылғысын
пайдаланған кезде келесі сақтық
шараларын есте сақтаңыз
Құрғақ күйде сақтаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау өртке немесе
электр тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Ашаның метал бөліктеріндегі немесе
маңайындағы шаңды құрғақ
шүберекпен тазалау қажет. Ұзақ уақыт
пайдалана беру өртке əкелуі мүмкін.
Найзағай жарқылы кезінде ашаны
ұстамаңыз немесе желілік зарядтау
құрылғысының жанына бармаңыз. Осы
сақтық шарасын орындамау электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
USB кабельді зақымдамаңыз,
өзгертпеңіз, күштеп тартпаңыз немесе
имеңіз, оны ауыр нəрселердің астына
салмаңыз немесе ыстыққа немесе