Анықтамалық нұсқаулық

92
Бейнефильмдерді жазу жəне ойнату
B Фильм жазу үшін автофокустау туралы ескертпе
Автофокус үшін қолайлы емес нысанды түсіргенде, фотокамера нысанды дұрыс фокустай
алмайды (A71). Фильмдер үшін осы нысан түрін суретке түсіруге əрекет жасасаңыз,
төмендегі процедураны орындаңыз.
1. Фильмді жазуды бастамай тұрып фильм мəзіріндегі Autofocus mode (Автофокустау
режимі) A Single AF (Əр кадр бойынша АФ) (əдепкі параметр) параметріне
орнатыңыз.
2. Кадрдың ортасындағы (фотокамерадан бастапқы түсіргіңіз келген нысанмен
бірдей
қашықтықта орналасқан) өзге нысанды кадр ішіне алыңыз, жазуды бастау үшін
b (e фильмін жазу) түймесін басыңыз жəне композицияны өзгертіңіз.
B Фотокамера температурасы туралы ескертпелер
Фильм жазу немесе басқа мақсатта ұзақ уақыт немесе
қоршаған орта температурасы жоғары орындарда
пайдаланылған кезде фотокамера температурасы
айтарлықтай жоғарылауы мүмкін.
Фильмді жазу барысында фотокамера өте қызып кетсе,
фотокамера жазу əрекетін 10 секундтан кейін автоматты
түрде тоқтатады.
Фотокамера мониторы автоматты түрде тоқтау қосылғанға
дейін қалған секундтар санын (B10s) көрсетеді.
Жазуды тоқтатқаннан кейін
фотокамера өзін өшіреді. Оны қайта пайдаланудан бұрын,
ішкі температурасы түскенше күтіңіз.
15s
15s
10
s
10
s