Анықтамалық нұсқаулық

E25
Анықтамалық бөлім
B Қуат көзі туралы ескертпелер
Фотокамераны принтерге жалғаған кезде, фотокамераның оқыс сөніп қалуына жол
бермеу үшін толық зарядталған батареяны пайдаланыңыз.
Егер EH-62G айнымалы ток адаптері (бөлек сатылады) пайдаланылса, COOLPIX S3500
фотокамерасын үйдегі электр розеткасы арқылы қосуға болады. Ешбір басқа айнымалы
ток адаптері үлгісін пайдаланбаңыз, өйткені бұл фотокамераның қызып кетуіне немесе
істен шығуына əкеледі.
C Суреттерді басып шығару
Жад картасында сақталған суреттерді оларды компьютерге көшіру немесе фотокамераны
тікелей принтерге жалғау арқылы басып шығаруға болады. Келесі басып шығару əдістерін
де қолдануға болады:
Жад картасын DPOF-үйлесімді принтердің карта ұяшығына салу
Жад картасын сандық фотосурет зертханасына апару
Осы əдістерді пайдаланып басып шығару үшін ойнату мəзіріндегі Print order (Басып
шығару реті) опциясын пайдалаынп суреттерді
жəне əр суреттің көшірмелер санын
көрсетіңіз (E51).
Фотокамераны принтерге жалғау
1 Фотокамераны өшіріңіз.
2 Принтерді қосыңыз.
Принтер параметрлерін тексеріңіз.