Анықтамалық нұсқаулық
E83
Анықтамалық бөлім
Charge by Computer (Компьютер арқылы зарядтаңыз)
Фотокамера компьютерге USB кабелі арқылы жалғанған кезде, фотокамераға
салынатын батареяны зарядтау немесе зарядтамау керектігін таңдаңыз.
B Компьютер арқылы зарядтау туралы ескертпелер
• Фотокамера дисплейінің тілі жəне күн мен уақыт орнатылғанға дейін фотокамера
компьютерге жалғанған кезде, батареяны зарядтау немесе деректерді көшіру мүмкін
болмайды (A20). Егер фотокамера сағаты батареясының (A22) қуаты таусылған
болса, батареяны компьютерге қосу арқылы зарядтаудан немесе суреттерді көшіруден
бұрын күн мен уақытты бастапқы қалпына келтіру қажет. Мұндай жағдайда, батареяны
зарядтау жəне
фотокамераның күні мен уақытын орнату үшін EH-70P зарядтау айнымалы
ток адаптерін (A16) пайдаланыңыз.
• Егер фотокамера өшірілген болса, зарядталу тоқтайды.
• Зарядтау кезінде компьютер ұйқы режиміне енсе, зарядталу тоқтайды жəне фотокамера
өшуі мүмкін.
• Фотокамераны компьютерден ажыратқан кезде, фотокамераны өшіріңіз, содан кейін USB
кабельді суырыңыз.
• Заряды толық біткен батареяны зарядтауға 3 сағат кетеді. Батарея зарядталып жатқан
кезде сурет көшірілсе, зарядталу уақыты ұлғаяды.
• Фотокамера компьютерге жалғанған кезде, Nikon Transfer 2 сияқты компьютерге
орнатылған қолданба іске қосылуы мүмкін. Егер фотокамера компьютерге тек батареяны
зарядтау үшін жалғанған болса, қолданбадан шығыңыз.
• Батареяның зарядталуы аяқталғаннан кейінгі 30 минут ішінде компьютермен ешқандай
байланыс болмаса, фотокамера автоматты түрде өшеді.
• Компьютер сипаттамаларына, параметрлеріне жəне күйіне байланысты
батареяны
фотокамераны компьютерге қосу арқылы зарядтау мүмкін емес.
d түймесін басу M z мəзір белгішесі M Charge by computer (Компьютер арқылы
зарядтаңыз) M k түймесі
Режим Сипаттамасы
a Auto (Авто)
(əдепкі параметр)
Фотокамера іске қосылған компьютерге жалғанған кезде
фотокамерадағы батарея компьютермен берілген қуат арқылы
автоматты түрде зарядталады.
Off (Өшірулі)
Фотокамера компьютерге қосылған кезде фотокамерадағы
батарея зарядталмайды.