Анықтамалық нұсқаулық

F4
Техникалық жазбалар жəне тақырыптық көрсеткіш
Батарея
Пайдалану алдында «Қауіпсіздігіңіз үшін» (
A
viii-x) бөліміндегі ескертулерді оқып, орындаңыз.
Фотокамераны пайдаланудан бұрын батарея деңгейін тексеріңіз жəне, қажет болса,
батареяны ауыстырыңыз немесе зарядтаңыз. Батарея толық зарядталғаннан кейін
зарядтауды жалғастыра бермеңіз, себебі бұлай ету батарея жұмысының төмендеуіне
əкелуі мүмкін. Мүмкін болған кезде, маңызды оқиғаларда суретке түсірген кезде толық
зарядталған қосымша батареяны алып жүріңіз.
Батареяны 0°C төмен немесе 40°C жоғары қоршаған орта температураларында пайдаланбаңыз.
Пайдаланудан бұрын батареяны 5°C пен 35°C аралығындағы қоршаған орта
температурасы бар ғимарат ішінде зарядтаңыз.
Зарядтау айнымалы ток адаптерін EH-70P немесе компьютерді пайдалану арқылы
COOLPIX S3500 камерасына салынған батареяны зарядтаған кезде батарея
температуралары 0°C төмен немесе 45°C жоғары болғанда батарея заряталмайды.
Батареяның қолданыс кезінде қызып кетуі мүмкін екенін ескеріңіз; зарядтаудан бұрын
батареяның салқындауын күтіңіз. Осы сақтық шараларын сақтамау батареяны зақымдауы,
оның жұмысын нашарлатуы немесе оның қалыпты түрде зарядталуына кедергі келтіруі мүмкін.
Салқын күндері батарея сыйымдылығының төмендейтінін ескеріңіз. Сырттағы салқын
ауа-райында суретке түсіруден бұрын батареяның толық зарядталғанына көз жеткізіңіз.
Қосымша батареяларды жылы жерде ұстаңыз жəне қажетінше ауыстырыңыз.
Жылығаннан кейін, салқын батарея зарядының белгілі бір бөлігін қайтаруы мүмкін.
Батареяның ұштарындағы лас нəрселер фотокамераның жұмыс жасауына жол бермеуі мүмкін.
Батарея ұштары лас болса, пайдаланудан бұрын оларды таза, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмаса, фотокамераға салып, сақтау үшін алу алдында
зарядытн соңына дейін бітіріңіз. Батареяны 15°C пен 25°C арасындағы қоршаған орта температурасы
бар салқын жерде сақтау қажет. Батареяны ыстық немесе өте салқын жерлерде сақтамаңыз.
Пайдаланбаған кезде, батареяны фотокамерадан немесе қосымша батареяны зарядтау
құрылғысынан əрдайым шығарып тұрыңыз. Салынған кезде, қолданылмаған кездің
өзінде токтың аздаған көлемі бөлінеді жəне батарея қуаты шамадан тыс бөлініп,
жарамсыз күйге келуі мүмкін. Батарея қуаты таусылған кезде фотокамераны қосу немесе
өшіру батареяның жарамды мерзімін қысқартуы мүмкін.
Батареяны, кем дегенде, əр алты ай
сайын бір рет зарядтап тұрыңыз жəне оны сақтаудан
бұрын қуатын толық кетіріңіз.
Фотокамерадан немесе қосымша батарея зарядтағыштан алғаннан кейін батареяны
қамтылған батарея қорабына салып, салқын орында сақтаңыз.
Бөлме температурасында пайдаланған кезде толықтай зарядталған батареяның белгілі бір уақыт
ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа EN-EL19 батарея сатып алыңыз.