Анықтамалық нұсқаулық

14
Суретке түсіру жəне ойнатудың негізгі қадамдары
Дайындық 1 Батареяны салу
1 Батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашыңыз.
2 Жинақпен бірге келген
EN-EL19 қайта зарядталатын
литий-ионды батареяны
салыңыз.
Батареяны пайдаланып қызғылт
сары батарея ілмегін көрсеткі
көрсететін бағытта (1) итеріп,
батареяны толығымен салыңыз (2).
Батарея дұрыс салынған кезде,
батарея ілмегі оны орнында ұстап
тұрады.
B Батареяны дұрыс салу
Батареяны төңкеріп немесе кері бағытта салу фотокамераны зақымдауы
мүмкін. Батареяның дұрыс бағытта тұрғанын тексеруді ұмытпаңыз.
3 Батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын жабыңыз.
Алғашқы рет пайдаланудан бұрын немесе қуаты
таусыла бастаған кезде батареяны зарядтаңыз.
Қосымша мəлімет алу үшін 16-ші бетті қараңыз.
Батарея ілмегі