Анықтамалық нұсқаулық
17
Суретке түсіру жəне ойнатудың негізгі қадамдары
3 Айнымалы токпен зарядтау адаптерін электр көзінен
ажыратыңыз, одан кейін USB кабелін ажыратыңыз.
Зарядтау шамын түсіну
B Айнымалы ток адаптерін зарядтау туралы ескертпе
Пайдаланудан бұрын ix бетіндегі жəне «Айнымалы ток адаптерін зарядтау» (F5)
бөліміндегі желілік зарядтау құрылғысына арналған ескертулерді оқуды жəне орындауды
ұмытпаңыз.
C Компьютер немесе батареяны зарядтау құрылғысы арқылы зарядтау
• COOLPIX S3500 фотокамерасын компьютерге жалғау EN-EL19 қайта зарядталатын
литий-ионды батареясын да зарядтайды (A80, E83).
• EN-EL19 қайта зарядталатын литий-ионды батареяны MH-66 батареяны зарядтау
құрылғысы (бөлек сатылады; E94) арқылы да зарядтауға болады.
C Зарядтау кезінде фотокамераны пайдалану
Фотокамера батареясын зараядтау үшін айнымалы ток адаптерін зараяттау құрылысын
пайдалану кезінде қуат қосқышын бассаңыз неменсе c (ойнату режимі) түймесін төмен
басып тұрсаңыз, фотокамера ойнату режиміне қайтадан қосылады жəне ішкі жадтағы
суреттерді ойната аласыз. Түсіру мүмкін емес.
Күй Сипаттамасы
Баяу
жыпылықтайды
(жасыл)
Батарея зарядталуда.
Өшірулі
Батарея зарядталып жатқан жоқ. Зарядтау аяқталған кезде,
зарядтау шамы жасыл түспен жыпылықтауын тоқтатады жəне өшеді.
Жылдам
жыпылықтайды
(жасыл)
• Қоршаған орта температурасы зарядтауға бейім емес. Батареяны
5°C пен 35°C аралығындағы қоршаған орта температурасы бар
ғимарат ішінде зарядтаңыз.
• USB кабелі немесе зарядтау айнымалы ток адаптері дұрыс
жалғанбаған
немесе батареяға қатысты ақау бар. USB кабельді
ажыратыңыз немесе зарядтау айнымалы ток адаптерін суырыңыз
жəне оны қайтадан дұрыстап жалғаңыз немесе батареяны
ауыстырыңыз.