Анықтамалық нұсқаулық
22
Суретке түсіру жəне ойнатудың негізгі қадамдары
C Тілді немесе күн мен уақыт параметрін өзгерту
• Бұл параметрлерді z параметрлерді орнату мəзіріндегі (A98) Language (Тіл) жəне Time
zone and date (Уақыт белдеуі жəне күні) параметрлерін пайдаланып өзгертуге болады.
• Time zone (Уақыт белдеуі) түймесін, содан кейін Time zone and date (Уақыт белдеуі
жəне күні) түймесін таңдау арқылы z орнату мəзірінде жазғы уақыт параметрін қосуға
немесе өшіруге болады. Жазғы уақыт параметрін қосу үшін K
мультиселекторын жəне
одан кейін H түймесін басыңыз жəне сағатты бір сағат алға жылжытыңыз. Жазғы уақыт
параметрін өшірген кезде сағат бір сағатқа артқа жылжиды. Межелі орын (x) таңдалған
кезде, фотокамера межелі орын мен жергілікті уақыт белдеуі (w) арасындағы уақыт
айырмашылығын автоматты түрде есептейді жəне суреттерді межелі орынның күні мен
уақытын пайдаланып сақтайды
.
• Күн мен уақытты орнатпастан шықсаңыз, суретке түсіру экраны пайда болған кезде O
түймесі жыпылықтайды. Күн мен уақытты (A98) орнату үшін параметрлерді орнату
мəзірінде Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күні) параметрін пайдаланыңыз.
C Сағат батареясы
• Ендірілген қосымша батарея арқылы фотокамера сағаты қуатталады.
Қосымша батарея фотокамераға негізгі батарея салынған немесе фотокамера қосымша
айнымалы ток адаптеріне жалғанған кезде зарядталады жəне шамамен он сағат бойы
зарядталғаннан кейін сағатты бірнеше күн іске қоса алады.
• Егер қосымша батареяның қуаты таусылып қалса, фотокамера қосылған кезде күн мен
уақыт параметрінің экраны пайда
болады. Күні мен уақытын қайта орнатыңыз. Қосымша
мəлімет алу үшін «Дайындық 4 Дисплей тілін, күнін жəне уақытын орнату» бөлімін (3-ші
қадам, A20) қараңыз.
C Түсірілген күнді басылып шығарылатын суреттерде көрсету
• Суретке түсіруден бұрын күн мен уақытты орнатыңыз.
• Параметрлерді орнату мəзірінде (A98) Print date (Басып шығару күні) орнату арқылы
суреттердің түсірілуі барысында түсірілген күнін тұрақты басып шығаруға болады.
• Print date (Басып шығару күні) опциялары пайдаланылмай түсірілген суреттерде түсіру
күнін шығару үшін ViewNX 2 бағдарламасын (A82) пайдалана аласыз.