Анықтамалық нұсқаулық
42
Суретке түсіру мүмкіндіктері
O: штативті пайдаланып O əрпімен көрсетілген көрініс режимдерін пайдаланғанда
ұсынылады, өйткені ысырма жылдамдығы баяу болады. Суретке түсіру барысында
фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде, Vibration reduction
(Дірілді азайту) параметрін орнату мəзіріндегі Off (Өшірулі) күйіне қойыңыз (A98).
c Landscape (Пейзаж)
• Ысырманы босату түймесі жартылай басылған кезде фокустау аумағы немесе
фокустау индикаторы (A8) жасыл түспен жанады.
d Sports (Спорт)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы нысанды фокустайды.
• Ысырманы босату түймесі жартылай басылмаған кездің өзінде де фотокамера
фокусты үздіксіз реттейді. Фотокамераның фокустаған дыбысын естуге болады.
• Суреттерді үздіксіз түсіру үшін ысырманы босату түймесін төмен басып тұрыңыз. Сурет
режимі x 5152×3864 күйіне қойылған кезде, секундына шамамен 1,1 кадр (кадр/
секунд) жиілігінде 6 суретке дейін түсіріледі
.
• Суреттке үздіксіз түсіру кезінде фокус, экспозиция жəне реңк əр циклдағы алғашқы
сурет үшін анықталған мəндерге орнатылады.
• Ағымдағы сурет режимінің параметріне, қолданылған жад картасына немесе суретке
түсіру жағдайларына қарай суретті үздіксіз түсіру режиміндегі кадр жиілігі өзгеріп тұруы
мүмкін.
e Night portrait (Түнгі портрет)
• Фотокамера адам бетін анықтайды жəне соны фокустайды (A68).
• Ешқандай бет анықталмаса, фотокамера кадрдың ортасындағы нысанды фокустайды.
• Фотокамера тері түсін жұмсарту функциясын қолдану арқылы тері реңктерін
жұмсартады (A51).
• Сандық масштабтау мүмкіндігі болмайды.
f Party/indoor (Думанды кеш/ғимарат іші)
• Фотокамера кадрдың ортасындағы нысанды фокустайды.
• Күңгірт орталарда суретке түсірген кезде, фотокамераны мықтап ұстаңыз. Суретке
түсіру барысында фотокамераны тұрақтандыру үшін штативті пайдаланған кезде,
Vibration reduction (Дірілді азайту) параметрін орнату мəзіріндегі Off (Өшірулі) күйіне
қойыңыз (A98).
O