Анықтамалық нұсқаулық

49
Суретке түсіру мүмкіндіктері
Интеллектуалды портрет режимі (Күліп тұрған беттердің суреттерін түсіру)
Фотокамера күлген бетті анықтаған кезде, суретті ысырманы босату түймесін
(жымию таймерін) баспастан автоматты түрде түсіруге болады. Бұған қоса, тері
реңктерін жұмсарту функциясы адам беттерінің тері реңктерін жұмсартады.
1 Суретті кадрға алыңыз.
Фотокамераны адам бетіне нұсқаңыз. Қосымша мəлімет алу үшін «Бетті анықтау»
(A68) қараңыз.
2 Ысырманы босату түймешігін баспай нысанның күлуін күтіңіз.
Егер фотокамера беттің қос жиекті жақтауға алынғанын анықтаса, ысырма
автоматты түрде босатылады. Қосымша мəлімет алу үшін «Smile timer (Күлкі
таймері)» (A64) қараңыз.
Ысырманы босатқаннан кейін фотокамера беттерді жəне жымиюларды анықтауды
жалғастырады, сөйтіп күлімсіреген бетті анықтағанда ысырманы қайтадан
босатады.
3 Суретке түсіруді тоқтату.
Күлген беттерді суретке автоматты түрде түсіруді тоқтату үшін келесі əрекеттерді
орындаңыз.
- Фотокамераны өшіріңіз.
- Smile timer (Күлкі таймері) (A64) параметрін Off (Өшірулі) күйіне орнатыңыз.
- A түймесін басыңыз жəне өзге суретке түсіру режимін таңдаңыз.
B Интеллектуалды портрет режимі туралы ескертпелер
Сандық масштабтау мүмкіндігі болмайды.
Кейбір суретке түсіру жағдайларында, фотокамера беттерді немесе жымиғандарды
анықтай алмауы мүмкін.
Қосымша мəлімет алу үшін «Бетті анықтау функциясы туралы ескертпелер» (A69)
қараңыз.
Түсіру режиміне өту M A (түсіру режимі) түймесі M F Smart portrait
(Интеллектуалды портрет) M k түймесі