Анықтамалық нұсқаулық

58
Суретке түсіру мүмкіндіктері
B Жарқылды пайдалану мүмкіндігі туралы ескертпе
Жарқыл 50 см аз қашықтықта орналасқан нысанды түгелдей жарықтандыра алмауы мүмкін.
C Автофокустау
A (авто) режимінде макро режимін пайдаланғанда, суретке түсіру режиміндегі (A63)
Autofocus mode (Автофокустау режимі) (A63) параметрін Full-time AF (Тұрақты АФ)
опциясына орнату арқылы ысырманы босату түймесін жартылай баспай фокустауға
болады. Басқа суретке түсіру режимін пайдаланғанда, макро режимі қосылған кезде Full-
time AF (Тұрақты АФ) опциясы автоматты түрде қосылады. Фотокамераның фокустаған
дыбысын естуге болады.
C Макро режимі параметрі
Белгілі бір түсіру режимдерін пайдаланғанда макро режимін пайдалану мүмкін емес.
Қосымша мəлімет алу үшін «Əдепкі параметрлер» (A60) қараңыз.
Кейбір параметрлерді басқа функциялармен бірге пайдалану мүмкін емес (A65).
A (авто) режимінде қолданылған макро режимнің параметрі фотокамера өшкеннен кейін
де фотокамераның жадында сақталады.