Анықтамалық нұсқаулық
69
Суретке түсіру мүмкіндіктері
• A (авто) режимін пайдаланған кезде бет анықталмағанда немесе ешқандай бет
жоқ орынды кадрға алғанда ысырманы босату түймесін жартылай бассаңыз,
фотокамера фотокамераға ең жақын нысанды қамтитын фокустау аумағын (тоғыз
аумаққа дейін) таңдайды.
• Scene auto selector (Көріністің авто селекторы) таңдалғанда, фокустау
аумағцы фотокамера таңдаған көрініске байланысты өзгереді.
• Portrait (Портрет) немесе Night portrait (Түнгі портрет)
көрініс режимінде немесе
интеллектуалды портрет режимінде ысырманы босату түймесі жартылай
басылған кезде ешқандай бет анықталмаса, фотокамера кадрдың ортасындағы
нысанды фокустайды.
• Pet portrait (Үй жануарының портреті) көрініс режимінде біреуі анықталған кезде
камера үй жануарының бетін фокустайды. Ешқандай бет анықталмаса,
фотокамера кадрдың ортасындағы нысанды фокустайды.
B Бетті анықтау функциясы туралы ескертпелер
• Фотокамераның беттерді анықтау мүмкіндігі көптеген факторларға, соның ішінде,
беттердің қарап тұрған бағытына байланысты. Фотокамера келесі жағдайларда беттерді
анықтай алмауы мүмкін:
- Беттер күн көзілдіріктерімен немесе өзге кедергілермен жартылай жасырын болған
кезде
- Беттер кадрдың үлкен немесе мардымсыз аумағын алып тұрған кезде
• Кадрда бірнеше бет бар кезде, фотокамера арқылы анықталған беттер жəне фотокамера
фокустайтын бет əр түрлі факторларға, сондай-ақ беттер қарап тұрған бағытқа
байланысты келеді.
• Кейбір сирек жағдайларда, қос жиектің жасыл түспен жанғанына қарамастан нысан
фокуста болмауы мүмкін (A71). Осындай жағдай орын алса, A (авто) режиміне
ауыстырыңыз жəне AF area mode (АФ аумағы режимі) режимін Manual (Қолмен)
немесе Center (Ортасы) қалпына орнатыңыз. Фотокамерадан нақты
портрет нысаны
сияқты бірдей қашықтықта орналасқан басқа нысанды қайта фокустаңыз (A70).