Анықтамалық нұсқаулық

87
Ойнату мүмкіндіктері
Суреттерді теледидарда қарау E26
Фотокамерамен түсірілген суреттерді жəне бейнефильмдерді теледидарда
қарауға болады.
Жалғау əдісі: Жинақпен бірге келген дыбыс/бейне сигнал кабелінің бейне
жəне дыбыс ашаларын теледидардың кіріс ұяшықтарына жалғаңыз. Я
болмаса, сатылатын HDMI кабелін (D түрі) теледидардың HDMI кіріс
ұяшығына жалғаңыз.
Суреттерді компьютерде қарау жəне ұйымдастыру A88
Егер суреттерді компьютерге көшірсеңіз, суреттер мен бейнефильмдерді
ойнатумен қоса суреттерді қарапайым деңгейде өңдеу жəне басқару
əрекеттерін орындауға болады.
Жалғау əдісі: Фотокамераны жинақпен бірге келген USB кабелі арқылы
компьютердің USB портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғаудан бұрын, ViewNX 2 бағдарламасын компьютерге
жинақпен бірге келген ViewNX 2 ықшам диск арқылы орнатыңыз.
ViewNX 2 ықшам дискін пайдалану жəне суреттерді компьютерге көшіруге
қатысты мəлімет алу үшін 88-ші бетті қараңыз.
Қуатты компьютерден алатын қандай да бір USB құрылғы жалғанған
болса, оған фотокамераны жалғаудан бұрын оларды компьютерден
ажыратып тастаңыз. Фотокамераны жəне қуатты USB арқылы алатын
өзге құрылғыларды бір компьютерге бір уақытта жалғау фотокамераның
ақаумен жұмыс жасауына немесе компьютерден фотокамераны немесе
жад картасын зақымдауы мүмкін шамадан тыс қуат мөлшерінің берілуіне
əкелуі мүмкін.
Суреттерді компьютерді пайдаланбастан басып шығару E30
Фотокамераны PictBridge-үйлесімді принтерге жалғасаңыз, суреттерді
компьютерді пайдаланбастан басып шығаруға болады.
Жалғау əдісі: Фотокамераны жинақпен бірге келген USB кабелі арқылы
тікелей принтердің USB портына тікелей жалғаңыз.