Анықтамалық нұсқаулық

91
Ойнату мүмкіндіктері
Суреттерді компьютерге тасымалдау
1 Суреттердің компьютерге көшірілу жолын таңдаңыз.
Келесі əдістердің біреуін таңдаңыз:
Тікелей USB жалғау: Фотокамераны өшіріңіз жəне фотокамераға жад картасының
салынғанына көз жеткізіңіз. Фотокамераны компьютерге қамтылған USB кабелін
пайдаланып жалғаңыз. Фотокамера автоматты түрде қосылады.
Фотокамераның ішкі жадында сақталған суреттерді көшіру үшін фотокамераны
компьютерге жалғаудан бұрын ішіндегі жад картасын алып тастаңыз.
SD карта ұяшығы: Егер компьютер SD карта ұяшығымен жабдықталған болса, картаны
тікелей ұяшыққа салуға болады.
SD картаны оқу құралы: Картаны оқу құралын (үшінші тарап жабдықтаушылардан сатып
алуға болады) компьютерге жалғап, жад картасын салыңыз.