Анықтамалық нұсқаулық

x
Кіріспе
Ашаны немесе айнымалы токпен зарядтау
адаптерін ылғалды қолмен ұстамаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау электр
тогының соғуына əкелуі мүмкін.
Бір кернеуден екінші кернеуге түрлендіруге
арналған сапарда қолданылатын ток
түрлендіргіштерін немесе адаптерлерін
немесе тұрақты токтан айнымалы токқа
ауыстыратын инверторларды
пайдаланбаңыз. Осы сақтық шарасын
орындамау өнімнің зақымдалуына немесе
шамадан тыс қызып кетуіне немесе
өртенуіне əкелуі мүмкін.
Тиісті кабельдерді пайдаланыңыз
Кабельдерді кіріс жəне шығыс ұяшықтарына
жалғаған кезде, өнімнің талаптарымен
қарама-қайшылықтың болмауы үшін Nikon
тарапынан берілген немесе сатылған
кабельдерді ғана пайдаланыңыз.
Қозғалатын бөлшектерін абайлап
ұстаңыз
Саусақтарыңыздың немесе өзге
нəрселердің объектив қақпағына немесе
өзге де қозғалмалы бөлшектер арасында
қысылып қалуына жол бермеңіз.
Ықшам дисктер
Дыбыстық ықшам дискке арналған жабдықта
осы құрылғымен бірге келген ықшам дисктер
ойнатылмауы тиіс. Дыбыстық ықшам диск
ойнатқышында ықшам дисктерді ойнату есту
қабілетінің жойылуына немесе жабдықтың
зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Жарқылды пайдаланған кезде
абай болыңыз
Жарқылды нысанның көзіне жақын жерде
пайдалану көру қабілетінің уақытша
нашарлауына əкелуі мүмкін. Сəбилерді
суретке түсірген кезде аса сақ болу қажет,
мұндай кездерде жарқыл нысаннан 1 м кем
емес қашықтықта орналасуы тиіс.
Жарқылды жарқыл терезесі
адамға немесе нысанға тиіп тұрған
кезде пайдаланбаңыз
Осы сақтық шарасын орындамау күйіп
қалуға немесе
өртке əкелуі мүмкін.
Сұйық кристалды ұстамауға
тырысыңыз
Монитор сынып қалса, сынған əйнектің
салдарынан болатын жарақат алмау жəне
монитордағы сұйық кристалдың теріге
тиюіне немесе көзге немесе ауызға кіруіне
жол бермеу үшін сақ болу қажет.
Əуе кемесі немесе аурухана ішінде
пайдаланған кезде өшіріп тастаңыз
Ұшатын немесе қонатын кезде ұшақ ішінде
өшіріп тастаңыз. Аурухана
ішінде
пайдаланған кезде ауруханадағы
нұсқауларды ұстаныңыз. Осы фотокамера
шығаратын электромагнитті толқындар əуе
кемесінің электрондық жүйелеріне немесе
ауруханадағы құралдарға кедергі келтіруі
мүмкін. Фотокамераға салынған болса,
алдымен кедергі көзі болуы мүмкін Eye-Fi
картасын суырып алыңыз.
3D суреттер
Осы құрылғымен жазылған 3D суреттер
суреттерді ұзақ уақыт бойы көрмеңіз,
теледидарда, мониторда немесе басқа
дисплейде болсын.
Көру жүйелері əлі
дамып жатқан
балалардың жағдайында пайдалану
алдында педиатрмен немесе
офтальмологпен кеңесіп, соның
нұсқауларын орындаңыз.
3D суреттерді ұзақ уақыт бойы көру көздің
ауыруын, жүрек айнуын немесе
ыңғайсыздықты тудыруы мүмкін. Осы
белгілердің қайсыбірі орын алса
пайдалануды тоқтатып, қажет болса,
дəрігерге көрініңіз.