Анықтамалық нұсқаулық

98
Бейнефильмдерді жазу жəне ойнату
B Фотокамера температурасы
Бейнефильмдерді ұзақ уақыт бойы түсіргенде немесе фотокамера ыстық аумақта
пайдаланылғанда фотокамера қызуы мүмкін.
Бейнефильмді жазған кезде фотокамераның іші қатты қызып
кетсе, он минуттан кейін фотокамера жазуды автоматты түрде
тоқтатады.
Фотокамераны жазуды тоқтатуға дейін қалған уақыт мөлшері
(B10s) көрсетіледі.
Жазуды тоқтатқаннан кейін фотокамера өзін өшіреді.
Фотокамераны іші суығанша қалдырыңыз.
B Автофокус туралы ескертпелер
Автофокустау күтілгендей нəтиже бермеуі мүмкін (A76). Осындай жағдай орын алса, келесі
əрекеттерді орындап көріңіз:
1. Бейнефильмді жазуды бастамай тұрып бейнефильм мəзіріндегі Autofocus mode (Автофокус
режимі) Single AF (Əр кадр бойынша АФ) (əдепкі параметр) параметріне орнатыңыз.
2. Фотокамерадан мақсатты нысанмен бірдей қашықтықта орналасқан басқа нысанды жақтауға
алып, жақтаудың ортасында b (e бейнефильм жазу) түймешігін басып жазуды бастаңыз,
содан кейін композицияны өзгертіңіз.
C Бейнефильмді жазу үшін қол жетімді функциялар
Бейнефильмді жазу кезінде ағымдағы түсіру режиміне экспозицияны түзету, ақ түс балансы жəне
түс опциялары параметрлері де пайдаланылады. Көрініс режимін (A40) немесе арнайы
əсерлер режимін (A51) пайдалану нəтижесінде пайда болатын реңктер де бейнефильмдерге
қолданылады. Макро режим қосылған кезде, фотокамераға жақын орналасқан нысандардың
бейнефильмдерін жазуға болады. Бейнефильмді жазуды бастамай тұрып параметрлерді
тексеріңіз.
Өздігінен түсіру таймерін (A60) пайдалануға болады. Өздігінен түсіру режимі қосылғаннан кейін
b (e бейнефильмді жазу) түймешігі басылған кезде фотокамера жақтаудың ортасындағы
нысанды фокустайды жəне екі немесе он секундтай кейін бейнефильмді жазуды бастайды.
Жарқыл жанбайды.
D (бейнефильм) мəзір белгішесін таңдау үшін d түймешігін басып, бейнефильмді жазуды
бастаудан бұрын бейнефильмнің мəзір параметрлерін реттеңіз (A99).
Баптау мəзіріндегі Monitor settings (Монитор параметрлері) (A104) ішіндегі Photo info
(Фотосурет мəліметі) параметрі Movie frame+auto info (Бейнефильм кадры+автоматты
мəлімет) күйіне қойылған болса, бейнефильмде көруге болатын аумақты бейнефильмді жазу
басталғанға дейін растауға болады.
14
m
3
0s
14
m
3
0s
10
s
10
s