Анықтамалық нұсқаулық
107
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі) мүмкіндігін пайдалану
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті
желі) мүмкіндігін пайдалану
Wi-Fi көмегімен орындауға болатын функциялар
Android OS немесе iOS жүйелерінде жұмыс істейтін смарт құрылғыдағы арнайы «Wireless
Mobile Utility» бағдарламалық жасақтамасын орнатсаңыз жəне оны камераға қоссаңыз,
келесі функцияларды орындауыңызға болады.
Take Photos (Фотосурет түсіру)
Фотокамераның суретке түсіру экранын смарт құрылғыда көрсетуіңізге жəне камераны
қашықтан басқару пульті арқылы басқаруыңызға болады.
*
Қашықтан басқару пульті арқылы түсірілген суреттерді смарт құрылғыға көшіруге болады.
* Фотокамераны қосу жəне өшіруден басқа əрекеттерді қашықтан басқару пультінің жұмысы
барысында орындауға болмайды.
View Photos (Фотосуреттерді көру)
Фотокамераның жад картасында сақталған суреттерді смарт құрылғыға көшіруіңізге
болады.