Анықтамалық нұсқаулық
110
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі) мүмкіндігін пайдалану
3 Смарт құрылғыдағы Wi-Fi параметрін Қосулы күйіне орнатыңыз.
• Толық мəліметтерді алу үшін смарт құрылғымен бірге берілген қолданушы нұсқаулығын
тексеріңіз.
• Смарт құрылғы үшін пайдалануға болатын желі атауы (SSID) көрсетілгеннен кейін,
камерада SSID көрсетіледі.
• Құпиясөзді енгізуге арналған хабарлама (A110) көрсетілгенде, фотокамерада көрсетілген
құпиясөзді енгізіңіз.
• Фотокамера Wi-Fi желісіне сəтті қосылғанда, суретке түсіру экраны Wi-Fi белгішесімен
(A9) бірге көрсетіледі.
4 Смарт құрылғыда орнатылған арнайы бағдарламалық жасақтаманы
іске қосыңыз.
• «Take photos» (Фотосурет түсіру) немесе «View photos» (Фотосуреттерді көру) таңдауға
арналған экран көрсетіледі.
• «Cannot connect to camera.» (Фотокамераға қосылу мүмкін емес.) хабарламасы
көрсетілгенде, Wi-Fi network (Wi-Fi желісі) қайтадан орнатып көріңіз.
Wi-Fi байланысын аяқтау үшін
• Фотокамераны өшіріңіз.
• Смарт құрылғыдағы Wi-Fi параметрін Өшірулі күйіне орнатыңыз.
B Wi-Fi байланысы бойынша ескертпелер
• Wi-Fi network (Wi-Fi желісі) параметрін Off (Өшірулі) күйіне радио толқындарын пайдалануға
тыйым салынған жерде орнатыңыз.
• Жад картасы фотокамераға енгізілмеген кезде, Wi-Fi мүмкіндігін пайдалану мүмкін емес. Eye-Fi
картасы (E106) фотокамераға енгізілген кезде, Wi-Fi мүмкіндігін пайдалану мүмкін емес.
• Wi-Fi қосылған кезде, Auto off (Автоматты өшіру) өшіріледі.
• Wi-Fi network (Wi-Fi желісі) параметрі On (Қосулы) күйіне орнатылған кезде, батарея қалыпты
күйден жылдам таусылады.
• Монитордағы батарея қуатының индикаторы B көрсетіп тұрған кезде Wi-Fi network (Wi-Fi
желісі) таңдау мүмкін болмайды. Бұған қоса, Wi-Fi байланыс орнатылған кезде батарея
қуатының индикаторы B көрсетіп тұрса, байланыс ажырайды.
C Қауіпсіздік параметрлері бойынша ескертпе
Егер фотокамера Wi-Fi мүмкіндігімен бірге, тиісті қауіпсіздік параметрлерінсіз (деректердің
шифрлануы жəне құпиясөз) орнатылған болса, өкілеттігі жоқ үшінші тараптар желіге қатынасып,
зақым тигізуі мүмкін. Wi-Fi мүмкіндігін пайдаланбас бұрын қажетті қауіпсіздік параметрлерін орнату
қатал ұсынылады.
Қауіпсіздік параметрлерін орнату үшін орнату мəзірінің (A105) Wi-Fi options (Wi-Fi опциялары)
параметрлерін пайдаланыңыз.