Анықтамалық нұсқаулық
E6
Анықтамалық бөлім
Таңдаулы суреттер режимі
Суреттерді (бейнефильмдерді қоспағанда) тоғыз альбомға сұрыптауға болады жəне
оларды таңдаулы суреттер ретінде қосуға болады (қосылған суреттер көшірілмейді немесе
жылжытылмайды). Суреттерді альбомдарға қосқаннан кейін таңдаулы суреттер режимін
пайдалана отырпы тек қосылған суреттерді ойнатуды таңдауға болады.
• Белгілі бір нысандар немесе оқиғалар үшін альбомдарды жасау арқылы таңдаулы
суреттерді оңай табуға болады.
• Бір суретті
бірнеше альбомға қосуға болады.
• Əр альбомға 200 суретке дейін қосуға болады.
Суреттерді альбомдарға қосу
• Таңдаулы суреттерді ойнату режимінде суреттерді альбомдарға қосу мүмкін емес.
1 Суретті таңдау үшін мульти селектор J
немесе K түймешігін басыңыз, сонан соң L
түймешігін көрсету үшін H түймешігін
басыңыз.
• L түймешігін бірнеше суретке қосуға болады. L
түймешігін алып тастау үшін I түймешігін басыңыз.
• Масштабтауды басқару элементін (A3) толық өлшемде
қарау режиміне ауысу үшін g (i) күйіне немесе алты
суреттік нобайларды көрсету үшін f (h) күйіне бұрыңыз.
• Альбомды таңдау экранын көрсету үшін k түймешігін басыңыз.
c түймешігін басу (ойнату режимі) M d түймешігі M Favorite pictures (Таңдаулы
суреттер) M k түймешігі
Favorite pictures
Back