Анықтамалық нұсқаулық
xii
Кіріспе
Wi-Fi (Сымсыз жергілікті желі)
Бұл өнім АҚШ Экспортты басқару ережелеріне бағынады жəне тауарларына АҚШ эмбарго
салған елдерге осы өнімді экспорттаған немесе қайталап экспорттаған жағдайда, АҚШ
үкіметінен арнайы рұқсат алу талап етіледі. Келесі елдерге эмбарго салынған: Куба, Иран,
Солтүстік Корея, Судан жəне Сирия. Мақсатты елдердің өзгертілуі тиіс болғандықтан,
соңғы мəліметтерді алу үшін АҚШ Сауда министрлігіне хабарласыңыз
.
Сымсыз құрылғыларға қойылатын шектеулер
Осы өнімде бар сымсыз трансивер сауда жасалатын елдегі сымсыз құрылғыға қатысты
ережелерге сəйкес келеді жəне басқа елдерде қолданысқа жарамайды (ЕО немесе ЕФТА
аймағында сатып алынған өнімдер сол аймақ ішіндегі кез келген жерде қолданыла алады).
Өнімдер басқа елдерде қолданылған жағдайда Nikon компаниясы жауапты болмайды.
Өнімнің қай елден сатып алынғанынан бейхабар пайдаланушылар жергілікті Nikon қолдау
көрсету орталығымен немесе Nikon рұқсаты бар қолдау көрсету өкілдерімен кеңесу керек.
Бұл шектеулер тек сымсыз операцияларға қолданылады, ал өнімнің басқалай
пайдаланылуына қолданылмайды.