Анықтамалық нұсқаулық

E16
Анықтамалық бөлім
Фотосуреттерді өңдеу
Өңдеу мүмкіндіктері
Суреттерді фотокамера ішінде өңдеу жəне бөлек файлдар ретінде сақтау үшін COOLPIX
S6500 фотокамерасын пайдаланыңыз (E111). Төменде сипатталған өңдеу функцияларын
таңдауға болады.
B Суретті өңдеу туралы ескертпелер
COOLPIX S6500 фотокамерасындағы өңдеу функцияларын сандық фотокамераның басқа
үлгісімен түсірілген суреттер үшін пайдалану мүмкін емес.
Easy panorama (Оңай панорама) (A47) немесе 3D photography (3D фотосурет түсіру)
(A49) функциясын пайдалаынп түсірілген суреттерді өңдеу мүмкін емес.
Сурет ішінде ешқандай бет анықталмаса, сəнді өңдеу функциясы арқылы көшірмені жасау
мүмкін болмайды (E21).
COOLPIX S6500 көмегімен жасалған өңделген көшірмелерді сандық фотокамераның басқа
үлгісінде дұрыс көрсетілмеуі мүмкін. Сондай-ақ, оларды сандық фотокамераның басқа үлгісін
пайдаланып компьютерге тасымалдау мүмкіндігі болмауы мүмкін.
Ішкі жадта немесе жад картасында бос орын жеткіліксіз болғанда өңдеу функциялары қол
жетімді болмайды.
Тек негізгі сурет көрсетілгенде суреттер ретіндегі жеке суретті өңдеу үшін (E13) төменде
сипатталған процедуралардың біреуін орындаңыз:
k түймешігін басып суреттер ретін жеке суреттер ретінде көрсетіп, реттегі суретті таңдаңыз.
Жеке суреттер ретінде көрсету жəне суретті таңдау үшін ойнату мəзірінде Sequence display
options (Ретті көрсету опциялары) (E73) Individual pictures (Жеке суреттер) деп орнатыңыз.
Өңдеу функциясы Сипаттамасы
Quick effects (Жылдам
əсерлер) (E18)
Суреттерге əр түрлі əсерлерді қолданыңыз.
Quick retouch (Жылдам
өңдеу) (E20)
Контрасты мен қанықтығы жақсартылған өңделген көшірмелерді
оңай жасаңыз.
D-Lighting (D жарығы)
(E20)
Суреттің қараңғы бөліктерін жарық ететін жақсартылған жарықтығы
мен контрасты бар ағымдағы суреттің көшірмесін жасаңыз.
Glamour retouch (Сəнді
өңдеу) (E21)
Суреттердегі беттерді анықтап, сегіз əсер арқылы оларды өңдеңіз.
Əсер деңгейлерін реттеуге болады.
Small picture (Кішігірім
сурет) (E23)
Электрондық пошта тіркемелері ретінде қолдануға ыңғайлы
суреттердің кішігірім көшірмесін жасаңыз.
Кесу (E24)
Суреттің бір бөлігін кесіңіз. Нысанды үлкейту немесе композицияны
дайындау үшін пайдаланыңыз.