Анықтамалық нұсқаулық

E17
Анықтамалық бөлім
C Суретті өңдеуге қатысты шектеулер
Өңделген көшірме əрі қарай басқа өңдеу функциясы арқылы өзгертілген кезде, келесі шектеулерді
тексеріңіз.
Өңдеу функциялары арқылы жасалған көшірмелерді оларды жасау үшін қолданылған функция
арқылы əрі қарай өңдеуге болмайды.
Шағын сурет немесе қию функциясын жəне басқа өңдеу функциясын біріктіргенде, басқа өңдеу
функциялары қолданылғаннан кейін шағын сурет жəне қию функцияларын пайдаланыңыз.
Сəнді өңдеу функциясының тері реңктерін жұмсарту əсері сияқты өңдеу əсерлерін тері реңктерін
жұмсарту функциясы арқылы түсірілген суреттер үшін қолдануға болады (E57).
C Бастапқы жəне өңделген суреттер
Өңдеу функцияларының көмегімен жасалған көшірмелер бастапқы суреттер жойылған кезде
жойылмайды. Өңдеу функцияларының көмегімен жасалған көшірмелер жойылса, бастапқы
суреттер жойылмайды.
Өңделген көшірмелер түпнұсқаның түсіру күні жəне уақытымен сақталады.
Өңделген көшірмелерде басып шығару реті (E60) жəне қорғау параметрлері (E65)
сақталмайды.
Қолданылған өңдеу
функциясы
Қолдануға болатын өңдеу функциялары
Quick effects (Жылдам
əсерлер)
Quick retouch (Жылдам
өңдеу)
D-Lighting (D жарығы)
Сəнді өңдеу, кішігірім сурет немесе қию функциясын пайдалануға
болады.
Glamour retouch (Сəнді
өңдеу)
Жылдам əсерлер, жылдам өңдеу, D-Lighting (D жарығы), кішігірім
сурет немесе қию функциясын пайдалануға болады.
Small picture (Кішігірім
сурет)
Crop (Кесу)
Басқа өңдеу функциясын пайдалану мүмкін болмайды.