Анықтамалық нұсқаулық
xiv
Кіріспе
Радио толқындарын таратқышты пайдалану кезіндегі сақтық шаралар
• Радио толқындарын тарату немесе деректерді қабылдау үшінші тараптардың
кедергісіне тап болуы мүмкін екенін əрдайым есте сақтаңыз. Деректерді тасымалдау
кезінде орын алуы мүмкін ақпараттың жайылуына Nikon жауапты болмайтынын
ескеріңіз.
• Бұл құрылғының жұмыс істейтін жиілік жолағы өнеркəсіптік, ғылыми, тұрмыстық жəне
медициналық жабдықтар, соның ішінде микротолқынды пештер,
зауыттардың өндірістік
аймақтарында мобильді құрылғыларды анықтау үшін қолданылатын радио станциялары
(лицензия талап етпейтін радио станциялары) жəне əуесқой радио станциялары (бұдан
былай «басқа станция») тарапынан пайдаланылады. 1. Бұл жабдықты қолданудан
бұрын жақын маңда басқа станцияның жоқ екенін тексеріңіз. 2. Осы құрылғының басқа
станцияның зиянды радио толқындарының кедергісіне ұшыраған жағдайда, жұмыс істеп
тұрған жиілікті
дереу өзгертіңіз немесе қуатты өшіру арқылы радио толқындардың
таратылуын тоқтатыңыз, жəне т.б. 3. Қосымша сұрақтар болып жатса, Nikon қызмет
көрсету орталығына немесе Nikon өкілетті қызмет көрсетуші өкіліне хабарласыңыз.
Жеке ақпаратты басқару жəне құқықтан бас тарту
• Өнімде тіркелген жəне конфигурацияланған сымсыз жергілікті желі байланыс
параметрлері жəне басқа да жеке ақпарат секілді пайдаланушы деректері операциялық
қате, статикалық тоқ, апат, істен шығу, жөндеу немесе басқа да себепке байланысты
өзгеруі немесе жоғалуы мүмкін. Əрқашан маңызды ақпараттың көшірмелерін бөлек
сақтаңыз. Nikon корпорациясына қатысы жоқ мазмұнның өзгеруіне немесе жоғалуы
нəтижесінде болған тікелей немесе жанама зақымдарға, кірістің жоғалуына Nikon
корпорациясы жауапты болмайды.
• Өнімді тастаудан немесе басқа иеге беруден бұрын, өнімде тіркелген жəне
конфигурацияланған сымсыз жергілікті желі байланыс параметрлері жəне басқа да жеке
ақпарат секілді барлық пайдаланушы деректерін жою үшін параметрлерді орнату
мəзірінде (A105) Reset all (Барлығын қалпына келтіру) операциясын орындаңыз.