Анықтамалық нұсқаулық
E28
Анықтамалық бөлім
B Суреттер теледидарда көрсетілмесе
Параметрлерді орнату мəзіріндегі TV settings (ТД параметрлері) (E99) тармағындағы
фотокамераның бейне режимі параметрі теледидар пайдаланатын стандартқа сай екеніне көз
жеткізіңіз.
C Теледидардың қашықтан басқару құралын (HDMI құрылғысын басқару құралын)
пайдалану
HDMI-CEC үйлесімді теледидардың қашықтан басқару құралын ойнатуды басқару үшін
пайдалануға болады.
Оны суреттерді таңдау, бейнефильмді ойнатуды бастау немесе кідірту, толық экранда ойнату
режимі мен төрт суреттік нобай көрінісі арасында ауыстыру, т.б. функцияларды орындау үшін
фотокамераның мульти селекторы мен масштабты таңдау орнына қолдануға болады.
• TV settings (ТД параметрлері) HDMI device control (HDMI құрылғысын басқару құралы)
параметрін (E99) On (Қосулы) (əдепкі параметр) күйіне орнатыңыз, содан кейін фотокамера
мен теледидарды HDMI кабелін пайдаланып жалғаңыз.
• Пайдаланған кезде қашықтан басқару құралын теледидарға бағыттаңыз.
• Теледидардың HDMI-CEC үйлесімділігі туралы ақпарат алу үшін теледидардың пайдалану
нұсқаулығын қараңыз.